Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алаяқтар iPhone 18 алдын ала тапсырысын сылтау етіп ақша ұрлаудың жаңа схемасын қолдануда Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Королін құттықтады Астанада 27 жастағы қыздың көлігінен бір келіден астам мефедрон табылды «Жұғысты болсын»: Жігер Ауыпбаевтың жас әйелі жылап қалды Азиада-2026: қазақ спортшысы ушудан алғашқы қола медальді жеңіп алды «Құлағанша күте ме?»: Көкшетаудағы көпірдің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр Алаяқтар iPhone 18 алдын ала тапсырысын сылтау етіп ақша ұрлаудың жаңа схемасын қолдануда Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Королін құттықтады Астанада 27 жастағы қыздың көлігінен бір келіден астам мефедрон табылды «Жұғысты болсын»: Жігер Ауыпбаевтың жас әйелі жылап қалды Азиада-2026: қазақ спортшысы ушудан алғашқы қола медальді жеңіп алды «Құлағанша күте ме?»: Көкшетаудағы көпірдің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр

    Ресей Қазақстан арқылы Батысқа Украина жөнінде сигнал жібермегенін мәлімдеді

    Ресей СІМ өкілі Михаил Галузин Қазақстан арқылы Батыс елдеріне Украина жайында сигнал бермегенін айтты. Тоқаевтың Путинге ұсынысы туралы толығырақ.

    Ресей Қазақстан арқылы Батысқа Украина жөнінде сигнал жібермегенін мәлімдеді

    Сурет: ulysmedia.kz

    Ресей Қазақстан арқылы Батыс елдеріне Украина жайында ешқандай сигнал бермегенін мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Бұл мәлімдемені Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин жасады. Оның айтуынша, Мәскеудің «қазақстандық достарын» Украина мәселелерімен алаңдатуға ешқандай қажеттілігі жоқ.

    «Өйткені біз киевтік режимге ықпал ете алатындармен тікелей байланыс ұстап отырмыз. Бұл күштердің бізді жақсы еститінін айта алмаймын, бірақ біз бұл бағыттағы жұмысты жалғастырудамыз», — деген Галузиннің сөзін ТАСС агенттігі келтірді.

    Айта кетейік, 25 шілдеде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу барысында Украинадағы жағдайды реттеуге қатысты Еуропа мен АҚШ-тан сигналдар алатынын айтқан. Сондай-ақ ол ресей-украин соғысын тоқтату үшін қақтығысты «мұздатуды» ұсынған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →