Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 30 қыркүйек 2026 $ 441,2↓€ 501,3↓₽ 5,22↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Путинді Орталық Азия мен әлем үшін ең қолайлы саяси тұлға деп атады • Абай облысында көлік ұрлап, өртеген жасөспірімдерге сот үкімі шықты • Тоқаев Штайнмайерге «Алтын Қыран» орденін табыстады • Тоқаев Қазақстан-Германия инвестициялық-өнеркәсіптік бастамасын ұсынды • Түркияда мектеп шабуылдарынан кейін 3 810 адам ұсталды • Қазақстан Халық Кеңесі Абай облысында алғашқы көшпелі диалог алаңын өткізді • Тоқаев Путинді Орталық Азия мен әлем үшін ең қолайлы саяси тұлға деп атады • Абай облысында көлік ұрлап, өртеген жасөспірімдерге сот үкімі шықты • Тоқаев Штайнмайерге «Алтын Қыран» орденін табыстады • Тоқаев Қазақстан-Германия инвестициялық-өнеркәсіптік бастамасын ұсынды • Түркияда мектеп шабуылдарынан кейін 3 810 адам ұсталды • Қазақстан Халық Кеңесі Абай облысында алғашқы көшпелі диалог алаңын өткізді •

    Алматыда «Сергек» камералары енді самокатшыларды да бақылайды

    Алматыда «Сергек» камералары енді самокатшыларды да бақылайды
    Фото: digitalbusiness.kz
    Алматыда жол қозғалысы ережесін бұзған электр самокаттарына бақылау күшейтіледі, – деп хабарлайды Qazaqtoday.info тілшісі.

    Жаңа қағидаға сәйкес, самокаттарды жол бойына немесе қоғамдық орындарға ретсіз қалдыруға тыйым салу жоспарланған. Қала әкімдігі кикшеринг компанияларымен бірлесіп, самокаттарға арналған 1200-ден астам арнайы тұрақ орнын белгілеген. Жалға берілетін самокаттар осы орындарға қойылуы тиіс, ал жеке меншік самокат иелері бұл тұрақтарды тегін пайдалана алады.

    Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалым Сарғұловтың айтуынша, қазір самокаттарды бейнебақылау арқылы анықтау жұмыстары пысықталып жатыр.

    «Самокаттарға әкімдік 1200-ден астам арнайы тұрақ белгіледі. Бұл жұмыс кикшеринг компанияларымен де пысықталған. Одан бөлек, сәйкестендіруге мүмкіндік беретін камералар қою мәселесін пысықтау қажет. Осы бағытта „Сергек“ жүйесімен де бірлесіп, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр», – деді Ғалым Сарғұлов.

    Полицияның мәліметінше, тамыз айының соңынан бастап самокаттарға қатысты жоспарлы тексерулер басталады. Рұқсат етілмеген жерге қалдырылған самокаттар айып тұрағына жеткізілуі мүмкін.

    Қала тұрғындарының бір бөлігі қоғамдық орындарда ретсіз қалдырылған самокаттарды арнайы тұрақтарға орналастыруды қолдайды. Дегенмен кейбірі самокат жүргізушілеріне шектеуді күшейткеннен гөрі, оларға арналған арнайы жолақтар салу қажет деп есептейді.

    Қазіргі уақытта кикшеринг компаниялары самокаттарды талапқа сай қалдырмаған пайдаланушыларға толыққанды шара қолдана алмайды. Осыған байланысты жаңа ережелерді енгізуге дайындық жүргізіліп, компанияларға кемшіліктерді түзетуге уақыт берілген.

    Полицияның хабарлауынша, жыл басынан бері Алматыда 17 мың электр самокаты айып тұрағына қойылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →