Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 4 тамыз 2026 $ 473,7 546,1 5,97
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әкімдіктің әлегі: Ақтөбеліктер Бурабай көшесіндегі ойлы-шұқыр жолдан әбден мезі болды 35 млн теңге жымқырған: Астанада инвестициялық алаяқтыққа күдікті ұсталды Өскеменде Ертіске секірген жігіттің мәйіті екі аптадан кейін табылды «19 жастағы хоккейші өлімі»: Сот атышулы іс бойынша соңғы шешім шығарды Алматыда «Сергек» камералары енді самокатшыларды да бақылайды «Қандай әдемі»: Димаш Құдайберген сүйінші жаңалығымен бөлісті (ФОТО) Әкімдіктің әлегі: Ақтөбеліктер Бурабай көшесіндегі ойлы-шұқыр жолдан әбден мезі болды 35 млн теңге жымқырған: Астанада инвестициялық алаяқтыққа күдікті ұсталды Өскеменде Ертіске секірген жігіттің мәйіті екі аптадан кейін табылды «19 жастағы хоккейші өлімі»: Сот атышулы іс бойынша соңғы шешім шығарды Алматыда «Сергек» камералары енді самокатшыларды да бақылайды «Қандай әдемі»: Димаш Құдайберген сүйінші жаңалығымен бөлісті (ФОТО)

    Шұғыл ескерту: бүгін бес өңірінде аптап ыстық болады

    Шұғыл ескерту: бүгін бес өңірінде аптап ыстық болады

    Фото: Азаттық рухы

    Қазақстанда алдағы сейсенбіде, 2026 жылғы 4 тамызда ауа райы құбылмалы болады деп күтіледі. «Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, өңірлердің бірінде қатты аптап ыстық болады. Сондай-ақ кей өңірде найзағай ойнап, бұршақ түседі, тағы бір өңірде нөсер жаңбыр жауады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Ауа райы болжамы бойынша, күндіз аптап ыстық еліміздің бірден бес өңірінде күтіледі:

    • +35…+38°С: Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай облысында.
    • +41°С: Абай облысының оңтүстігінде.

    «Атмосфералық фронталды бөліктер әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райының құбылмалы сипаты сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстікте, шығыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта нөсер жаңбыр болады, жекелеген аудандарда бұршақ түсуі мүмкін… Республика бойынша сипат алатын ортақ табиғи құбылысқа желдің күшеюі жатқызылады, ал оңтүстікте шаңды дауыл соғу ықтималдылығы жоғары», деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметі.

    Республикамыздың батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

    Сондай-ақ еліміздің бірқатар өңірлерінде жоғары және төтенше өрт қауіпі күтіледі:

    • Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, Алматы облысының шығысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында, Қостанай облысының батысында, шығысында, орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының шығысында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Жетісу облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
    • Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ақмола облысының батысында, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →