Түркістанда әйел күйеуін оқтаумен ұрып, көзін ағызды
Фото: видеодан скрин
Түркістан облысында заңды некедегі әйелінен аяусыз соққы алған ер адам әділдік іздеп, көмек сұрады. Жәбірленушінің айтуынша, әйелі оны оқтаумен ұрып, нәтижесінде ол көзінен ауыр жарақат алған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Болған оқиғаны видеоға түсіріп үлгерген ер адам бірден полиция шақырған, алайда оған ешкім келмеген. Кейін жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, сол жерде тәртіп сақшыларына ресми арыз жазған. Жәбірленушінің туыстары бұл бірінші рет болып тұрған жағдай емес екенін айтып дабыл қағуда. Олар құқық қорғау органдарынан болған оқиғаға жан-жақты құқықтық баға беріп, кінәлі адамды заң аясында қатаң жауапкершілікке тартуды талап етеді.
Видео: aqsham_news
