Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Асханасы лас, аспазшылары ауру: Алматыдағы РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды • Қостанай облысында 5 жасар баланы өлтірген ұсталды • Қазақстан өңірлерінен келген фермерлер Алматыға арзандатылған бағамен 400 тоннадан астам азық-түлік әкеледі • «Амал жоқ, ұялдым…»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі тағы бір жаңалығын айтты • Shymbulak халықаралық SKI BUSINESS AWARDS 2026 сыйлығының лауреаты атанды • Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуға шақыруды ұсынды • Асханасы лас, аспазшылары ауру: Алматыдағы РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды • Қостанай облысында 5 жасар баланы өлтірген ұсталды • Қазақстан өңірлерінен келген фермерлер Алматыға арзандатылған бағамен 400 тоннадан астам азық-түлік әкеледі • «Амал жоқ, ұялдым…»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі тағы бір жаңалығын айтты • Shymbulak халықаралық SKI BUSINESS AWARDS 2026 сыйлығының лауреаты атанды • Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуға шақыруды ұсынды •

    Ақтөбедегі Жыланды ауданының жолы: Билік халықтың жанайқайын қашан естиді?

    Ақтөбедегі Жыланды ауданының жолы: Билік халықтың жанайқайын қашан естиді?

    Ақтөбе облысының орталығындағы Жыланды (бұрынғы Жылянка) ауданының тұрғындары көше жолдарының мүшкіл халіне шағымданып, жергілікті билікке үндеу жолдады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Әлеуметтік желіде тараған видеожазбадан көше асфальтінің тозығы жеткенін, жан-жағы терең шұңқырлар мен ойлы-қырлы жерлерге толы екенін көруге болады.
    Жергілікті жүргізушілердің айтуынша, бұл жолмен жүру нағыз сынаққа айналған.

    «Әрбір сапар — көліктің жүріс бөлігі (ходовойы) үшін үлкен зардап. Түнгі уақытта және жауын-шашын кезінде бұл шұңқырлар суға толып, байқалмай қалады, сөйтіп көлік иелері үшін нағыз «жасырын тұзаққа» айналады», — дейді ашынған тұрғындар.

    Бұл мәселенің тағы бір күрделілігі — аталған көшемен күнделікті жүздеген адам қатынайды. Олардың арасында кішкентай балалары бар отбасылар мен жаңа туған нәрестелерін дәрігерге немесе балабақшаға апаратын аналар аз емес. Жолдың нашарлығы тек көліктерге ғана емес, жаяу жүргіншілердің, әсіресе балалардың қауіпсіздігіне де үлкен қатер төндіріп тұр.

    Аудан тұрғындары бұл мәселенің шешімін табуды сұрап, қала әкімдігі мен Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТҮКШ/ЖКХ) бөліміне бірнеше рет хабарласқандарын айтады. Олар биліктен аталған жол бөлігін тез арада күрделі жөндеу жоспарына енгізіп, халықтың қалыпты өмір сүруіне жағдай жасауды талап етеді. Талай жылдан бері шешілмей келе жатқан бұл мәселе жергілікті халықтың шыдамын тауысқан.

    Видео: @kadrbest_04

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →