Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 3 тамыз 2026 $ 474,2 546,9 5,98
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Астанада қаза тапқан фельдшердің әпкесі жүрек тебірентер жазба жариялады

    Астанада қызмет кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның әпкесі әлеуметтік желіде жанайқайын жеткізді. Жұбайының қайта үйленуіне қатысты жазба қызу талқыға түсті.

    Астанада қаза тапқан фельдшердің әпкесі жүрек тебірентер жазба жариялады

    Сурет: ult.kz

    Астанада қызмет барысында қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның әпкесі әлеуметтік желіде жүректі тебірентетін жазба жариялап, қайғылы оқиғаға қатысты көңілдегі сырын айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Ол марқұм сіңлісін еске алып, соңғы кездері орын алған жағдайларға байланысты жанайқайын жеткізген. Әпкесінің сөзінше, үнсіз қалу – әлсіздік емес, сабырлықтың белгісі болған. Ол ата-анасы мен жұртшылыққа шындықты ашық айтуды мақсат тұтқанын да жеткізген.

    «Сары шөжегім, сіңлім… Сені қинады, тыныштық бермеді. Жаныңның қанша ауырғанын жүрегім сезеді. Бірақ Алла кімнің кім екенін көрсетті. Менің үнсіз қалғаным – әлсіздіктен емес, сабырдан еді. Мақсатым – ата-анамның және халықтың көзін ашып, шындықтың бетін ашу болды. Айтарым көп, бірақ кейбір шындықты уақыттың өзі дәлелдейді. Бүгін көп нәрсенің беті ашылды. Ең бастысы – Алланың алдында жүрегім тыныш», – деп жазды ол.

    Бүгін әлеуметтік желілерде Ұлдана Мырзуанның жұбайы Әділет Зейнелдің қайта үйленгені туралы ақпарат кеңінен тарады. Осыдан кейін марқұмның әпкесінің жазбасы көпшілік назарын аударып, қызу талқыға түсті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →