Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 3 тамыз 2026 $ 474,2 546,9 5,98
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Оралда коммуналдық траншея опырылып, жұмысшыны топырақ басып қалды

    Оралда коммуналдық траншея опырылып, жұмысшыны топырақ басып қалды

    ҚР ТЖМ видеосынан скриншот

    Оралда құрылыс кезінде коммуналдық траншея опырылып, жұмысшыны топырақ басып қалды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

    Оқиға 2 тамыз күні күндіз Орал қаласындағы Абай даңғылында болған. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 1966 жылы туған ер адам құрылыс алаңында іргетасты оқшаулау жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде өзі тұрған коммуналдық траншеяның топырағы опырылған.

    Соның салдарынан жұмысшыны топырақ басып қалып, өздігінен шыға алмай қалған.

    Оқиға орнына келген Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ер адамды үйінді астынан шығарып алып, әрі қарай тексеру үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →