Атыраудағы тоғыз қабатты үйдің шатырындағы өрт сөндірілді
Атыраудағы Нұрсая шағын ауданында тоғыз қабатты үйдің шатырында болған өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда. Толық ақпарат Qazaqtoday.info сайтында.
Сурет: azh.kz
Атырау қаласының Нұрсая шағын ауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үйдің шатырында болған өрт толық сөндіріліп, зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Өрт туралы хабар 29 шілде күні сағат 12:39-да түскен. Т. Жұмағалиев көшесіндегі үйдің шатырында жылу оқшаулағыш материал (көбіктенген полистирол) жанған. Өрт 100 шаршы метр аумақты қамтыған.

Өрт сөндірушілер сағат 13:10-да өртті толығымен жойған. Бұған дейін құрылыс үстіндегі үйден қою қара түтін шығып, жалын ғимараттың жоғарғы бөлігін шарпығаны байқалған.
Өрттің шығу себебі анықталуда.
