Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 24 қараша 2026 $ 455,5↓€ 501,1↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Финляндия Ресей спортына қарсы ЕО санкцияларын қолдады • Толқын Забирова келінін өз қызындай көруге әзір екенін айтты • Павлодарда тұрмыстық зорлық-зомбылықты әзілге айналдырған шоумен 20 тәулікке қамалды • Фариза Ескермес өз руының шежіресінен есімін таппағанын айтты • «Сылтау жауапқа» тосқауыл: шағымды «доп құсап тебу» енді жазбаша негізделеді • Мемлекеттік Әнұран үш айда телеарналарда 6 472 рет шырқалды • Финляндия Ресей спортына қарсы ЕО санкцияларын қолдады • Толқын Забирова келінін өз қызындай көруге әзір екенін айтты • Павлодарда тұрмыстық зорлық-зомбылықты әзілге айналдырған шоумен 20 тәулікке қамалды • Фариза Ескермес өз руының шежіресінен есімін таппағанын айтты • «Сылтау жауапқа» тосқауыл: шағымды «доп құсап тебу» енді жазбаша негізделеді • Мемлекеттік Әнұран үш айда телеарналарда 6 472 рет шырқалды •

    Алғабастағы апат: Асфальт астымен су ағып, жол опырылып түсуге сәл-ақ қалды

    Алғабастағы апат: Асфальт астымен су ағып, жол опырылып түсуге сәл-ақ қалды

    Фото: видеодан скрин

    Алматыдағы Алғабас шағынауданының Алдаспан көшесі 15-үйдің алдында құбыр жарылып, ауызсу төртінші күн бойы көшеге ағып жатыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Тұрғындар апат туралы шұғыл кезекші қызметтерге шілденің 24-і күні хабар бергенімен, коммуналшылар тарапынан әлі ешқандай әрекет болған жоқ. Үздіксіз аққан судан асфальт жібіп, топырақ шайылып, жол астында ойықтар пайда бола бастады. Құбырдан аққан таза су топыраққа сиңіп, айналаны батпаққа айналдырып, жақын маңдағы үйлерге де қауіп төндіруде.

    Алатау ауданы әкімдігі мен жауапты мекемелер тұрғындардың бірнеше күннен бергі дабылына құлақ аспай отыр. Халық көшедегі қозғалыстың мүлдем тоқтауынан немесе жолдың опырылып түсуінен қорқып, шұғыл шара қолдануды талап етеді.

    Видео: @algabas2021

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →