Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 27 шілде 2026 $ 474,7 539,9 6,07
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ағашқа соғылып, тірідей жанып кеткен адамдардың бәрі жасөспірімдер болып шықты (ФОТО) Эльбрус тауында 6 альпинист көз жұмды «Күйеуімсіз қыздармен де қыдырып көрмегем»: Жазира Байырбекова жеке өмірі туралы айтты Пышақтасқан: Алматыдағы жаппай төбелестен кейін алты адам ұсталды (ВИДЕО) Алматыда еріктілер екі аптадан бері жоғалған әйелді іздестіруде Берлин полициясы ЛГБТ шеруіне көлік айдап кірген күдіктіні атып өлтірді Ағашқа соғылып, тірідей жанып кеткен адамдардың бәрі жасөспірімдер болып шықты (ФОТО) Эльбрус тауында 6 альпинист көз жұмды «Күйеуімсіз қыздармен де қыдырып көрмегем»: Жазира Байырбекова жеке өмірі туралы айтты Пышақтасқан: Алматыдағы жаппай төбелестен кейін алты адам ұсталды (ВИДЕО) Алматыда еріктілер екі аптадан бері жоғалған әйелді іздестіруде Берлин полициясы ЛГБТ шеруіне көлік айдап кірген күдіктіні атып өлтірді

    Пышақтасқан: Алматыдағы жаппай төбелестен кейін алты адам ұсталды (ВИДЕО)

    Пышақтасқан: Алматыдағы жаппай төбелестен кейін алты адам ұсталды (ВИДЕО)

    Фото: © istockphoto.com

    Алматыда жанжал кезінде бір адам пышақ жарақатын алғаннан кейін полиция алты жасты ұстады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info. 

    Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 26 шілдеге қараған түні «102» арнасына Ақсай шағынауданында қолдарында пышағы бар жастар тобы жүргені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен полицейлер жанжал салдарынан бір жігіттің пышақ жарақатын алғанын анықтады.

    Ізін суытпай жүргізілген жедел іс-шара барысында «Буран-308» экипажы оқиғаға қатысы болуы мүмкін алты жасты ұстады. Олардың кейбірінің киімінен қанға ұқсас іздер табылған. Сонымен қатар тергеу үшін маңызды заттай айғақтар тәркіленді.

    Ұсталғандардың барлығы тергеу әрекеттерін жүргізу үшін Әуезов аудандық полиция басқармасына жеткізілді.

    «Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның толық хронологиясын, жанжалдың шығу себептерін, әр қатысушының рөлін және пышақ жарақатын салуға тікелей қатысы бар адамды анықтап жатыр», – деп мәлімдеді Алматы қаласының полиция департаменті.

    Ведомство сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатқанын мәлімдеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →