Президент Тоқаев Омбыға ХХІІ Қазақстан-Ресей өңіраралық форумына қатысуға келді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ХХІІ Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбы қаласына барды. Оны ресми тұлғалар күтіп алды.
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбы қаласына барды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты. Оны Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук, Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценко және басқа ресми тұлғалар күтіп алды.
