Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 21 қыркүйек 2026 $ 447,2 513,7 5,32
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қызылорда облысында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады деген күдікке ілінді Украина Мәскеуге жаппай дрон шабуылын жасады Азия ойындары: 21 қыркүйекте қазақстандық спортшылар 14 спорт түрінен сынға түседі Солтүстік Қазақстанда 89 жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен ұлы ұсталды Анна Данченко анасы қайтыс болған соң той жүргізгенін айтты Петропавлда бес қабатты үйдің пәтерінен өрт шығып, 6 адам құтқарылды Қызылорда облысында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады деген күдікке ілінді Украина Мәскеуге жаппай дрон шабуылын жасады Азия ойындары: 21 қыркүйекте қазақстандық спортшылар 14 спорт түрінен сынға түседі Солтүстік Қазақстанда 89 жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен ұлы ұсталды Анна Данченко анасы қайтыс болған соң той жүргізгенін айтты Петропавлда бес қабатты үйдің пәтерінен өрт шығып, 6 адам құтқарылды

    Украина Уайлдберриз қоймаларына қайта дронмен шабуыл жасады

    Украиналық дрондар Ресейдің Краснодар және Ставрополь өңірлеріндегі Уайлдберриз логистикалық орталықтарына шабуыл жасап, зардап шеккендер бар.

    Украина Уайлдберриз қоймаларына қайта дронмен шабуыл жасады

    Украиналық дрондар Ресейдің Краснодар және Ставрополь өңірлеріндегі Уайлдберриз маркетплейсінің екі логистикалық орталығына шабуыл жасады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Компания басшысы Татьяна Кимнің мәлімдеуінше, Краснодар мен Невинномысск қалаларындағы қоймалардан барлық қызметкерлер эвакуацияланған. Дегенмен зардап шеккендер бар екені айтылады.

    Ставрополь өлкесінің губернаторы Владимир Владимировтың сөзіне сүйенсек, Невинномысскідегі қоймадағы өрттен бес адам жарақат алған. Дәрігерлер оларға оқиға болған жерде медициналық көмек көрсеткен.

    Краснодардағы қоймаға жасалған шабуылдан үш адам зардап шеккен. Өртті сөндіру үшін тікұшақ жұмылдырылған.

    Бұл – Украинаның бір апта ішінде Уайлдберриз қоймаларына жасаған екінші дрон шабуылы. Алдыңғы шабуыл 18 шілдеде Тамбов облысындағы Котовск және Мәскеу облысындағы Электросталь қалаларындағы логистикалық орталықтарға жасалған. Сонда сегіз адам қаза тауып, 80-ге жуық адам жараланған болатын.

    Украина президенті Владимир Зеленский бұл нысандардың таңдалуын олардың ішінде дрон өндірісіне арналған бөлшектер мен навигациялық жабдықтардың сақталуымен түсіндірген. Алайда Ресей тарапы бұл мәлімдемені әзірге растамады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →