Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 22 шілде 2026 $ 470,8 537,2 6,00
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанның Өзбекстан, Ұлыбритания және Румыниядағы жаңа елшілері тағайындалды Атырауда баласына алимент төлемеген азамат сотталды «3-4 қызбен қатар кездесіп жүрдім»: Жігер Ауыпбаев қуатын бөлісу үшін қыздарды жиі іздегенін ашық айтты (ВИДЕО) Ерке Есмахан Баян Алагөзованың үйіне қонаққа барды Жалған жарнамаға сенген ақтөбелік Литвада қаңғып қалды Жоламандағы сүт фермасындағы апат: алты адам қаза тапты, төртеуі бір отбасынан Қазақстанның Өзбекстан, Ұлыбритания және Румыниядағы жаңа елшілері тағайындалды Атырауда баласына алимент төлемеген азамат сотталды «3-4 қызбен қатар кездесіп жүрдім»: Жігер Ауыпбаев қуатын бөлісу үшін қыздарды жиі іздегенін ашық айтты (ВИДЕО) Ерке Есмахан Баян Алагөзованың үйіне қонаққа барды Жалған жарнамаға сенген ақтөбелік Литвада қаңғып қалды Жоламандағы сүт фермасындағы апат: алты адам қаза тапты, төртеуі бір отбасынан

    Жоламандағы сүт фермасындағы апат: алты адам қаза тапты, төртеуі бір отбасынан

    Павлодар облысы Жоламан ауылында сүт фермасында болған апаттан алты адам қаза тапты, оның төртеуі бір отбасынан. Оқиғаның мән-жайы тергелуде.

    Жоламандағы сүт фермасындағы апат: алты адам қаза тапты, төртеуі бір отбасынан

    Сурет: tengrinews.kz

    Павлодар облысы Ақтоғай ауданындағы Жоламан ауылында сүт фермасында болған қайғылы оқиға салдарынан алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Тыныш ауылды 20 шілдеде ауыр қайғы шарпыды: төрт тұрғыны бір күнде қаза тапты. Олардың барлығы бір отбасының мүшелері болған. 51 жастағы Бауыржан Мұхаммед екі ұлымен бірге ауысымға шығып, ешқайсысы үйге қайтпады. Үлкен ұлына 20, кішісіне 17 жас толған.

    Тағы бір үйде Асылжан Рахат Мәскеуден жалғыз інісі Расулмен қоштасу үшін ұшып келді. Расулдың екі кішкентай баласы қалды. Асылжан: «Кеше інім жұмысқа кетіп, осындай жағдай болды. Кейбіреулер ток соқты, енді біреулер көмірқышқыл газынан тұншықты деп айтады. Ата-анам Монголияда, оларға кеше хабарланды, қазір үйге келе жатыр. Анамыздың бұл қайғыға қалай шыдайтынынан қорқамын», — деді.

    Жақсылық Сейіл туыстарынан айрылып: «Жұмыс орнында адамдардың өліміне кім жауап береді? Қауіпсіздік техникасы сақталғанда, адамдар тірі қалар еді. Төрт адамнан айырылдық, жанымыз күйіп тұр», — деп күңіренді.

    Қаза тапқан тағы екі жұмысшы көршілес Ақтоғай ауылынан еді. Біреуі 63 жастағы слесарь, екіншісі 43 жастағы механик те бригадир болған. Екеуінің де балалары бар.

    Апаттан аман қалған жалғыз адам — 38 жастағы Азамат Балғабаев. Ол қазір ауруханада ем алып жатыр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ол әріптестерін құтқаруға тырысып, кәріз құдығына соңғы болып түскен, сонда көмірқышқыл газынан есінен танып қалған. Ақтоғай аудандық ауруханасының басшысы Торғын Базаргелдина: «Науқас 20 шілдеде 12:45-те келіп түсті. Жағдайы орташа ауырлықта еді. Қазір тұрақты, есінде, сөйлейді. Бірақ психологиялық тұрғыдан күйзелісте, ештеңе есінде жоқ дейді», — деді.

    Алдын ала нұсқа бойынша, алты жұмысшының өліміне кәріз құдығында жөндеу жұмыстары кезінде улану себеп болған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Фермада жұмыстың қалай ұйымдастырылғаны және қауіпсіздік шаралары сақталғаны анықталады.

    Сондай-ақ, құдықта 17 жасар жасөспірімнің қалай пайда болғаны да тергеледі. «Aktogai Milk» ЖШС бас директоры Александр Терентьев: «Жасөспірім ресми түрде бағбан болып жұмыс істеді, біз оны әкесінің өтініші бойынша жұмысқа алдық. Ол сол жерде болмауы керек еді. Мүмкін, айқайды естіп, жүгіріп келген. Тергеу мұның бәрін анықтайды. Барлық кінәлілер жазасын алады», — деп мәлімдеді. Ол сондай-ақ қаза болғандардың әр отбасына 2 миллион теңгенің берілгенін және кәсіпорын жерлеу шығындарын өтегенін хабарлады.

    Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай 20 шілдеде түске дейін болған. «Aktogai Milk» ЖШС аумағында 17 жасар жасөспірімді қосқанда алты адам қаза тапты. Сол күні Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қаза тапқандардың отбасыларымен кездесіп, материалдық көмек, жеңілдіктер және несиелерді өтеуге көмектесетінін айтты. Компания қаза тапқандардың кәмелетке толмаған балаларын кәмелет жасқа толғанға дейін асырап, оқытатын болады. Факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →