Тұрсынбек Қабатов Жүрсін Ерман мен Димаш Құдайбергеннің кездесуіне қатысты пікір білдірді
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желіде тараған Жүрсін Ерман мен Димаш Құдайбергеннің кездесу видеосына қатысты пікір білдіріп, Жүрсін Ерманның еңбегін атап, біржақты баға бермеуге шақырды.
Сурет: kznews.kz
Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желіде тараған ақын Жүрсін Ерман мен әнші Димаш Құдайбергеннің кездесуіне қатысты бейнежазбаға пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Ол Жүрсін Ерманның қазақ мәдениеті мен өнеріне қосқан үлесін ерекше атап, халықты жағдайды толық түсінбей тұрып біржақты пікір айтпауға шақырды.
«Бәрі бітті, енді Жүрсін аға қалды ма? Қазақ өнерін Жүрсін ағамыз секілді түсінетін адам аз. Ағамыз соңғы кезде ауырыңқырап жүр. Аға, 100 жасаңыз. Көп парақшаларға айтарым, көрінген жаңалықтардың ақ-қарасын ажыратпай тұрып, 40-50 жыл ел үшін еңбек етіп жинаған абырой-беделін төкпейік. Керісінше, «ағамыздың жасын берсін Димашқа» деп неге жазбайсыздар?» – деп жазды Тұрсынбек Қабатов.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Жүрсін Ерман мен Димаш Құдайбергеннің кездесуінің видеосы тарап, әртүрлі пікірталастарға себеп болған еді.
