Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 22 шілде 2026 $ 470,8 537,2 6,00
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Қасым-Жомарт Тоқаев Испания Королі VI Фелипені футболдан әлем чемпионатындағы жеңіспен құттықтады

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Испания Королі VI Фелипені футболдан әлем чемпионатындағы жеңіспен құттықтады, сондай-ақ Қазақстанда «Атлетико Мадрид» академиясының ашылғанын еске салды.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Испания Королі VI Фелипені футболдан әлем чемпионатындағы жеңіспен құттықтады

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Испания Королі VI Фелипеге және бүкіл испан халқына Испания ұлттық құрамасының футболдан әлем чемпионатындағы жеңісімен және екі мәрте әлем чемпионы атануымен құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    – Ұлттық құрамаңыздың жоғары шеберлігі, үйлесімді командалық ойыны және жеңіске деген жігері миллиондаған жанкүйерді тәнті етті. Испанияның жаһандық деңгейде мойындалған футболдан озық тәжірибесі баршаға үлгі. Осы ретте биыл Қазақстанда «Атлетико Мадрид» клубы академиясының ашылғанын ерекше қуанышпен атап өтемін. Бұл бастама халықтарымыз арасындағы достық пен сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ жастар арасындағы байланыстарды тереңдетуге зор серпін береріне кәміл сенемін, – деп жазылған жеделхатта.

    Қасым-Жомарт Тоқаев VI Фелипенің ел мүддесіне бағытталған игі бастамаларына сәттілік, ал достас испан халқына бақ-береке тіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →