Қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізген Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі тағы тұрмысқа шықпақ
Фото: Әлеуметтік желіден
Белгілі ресейлік боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Бивол жеке өмірінде маңызды өзгеріс болғанын хабарлады.
Блогер әлеуметтік желідегі парақшасында Мәскеудегі мейрамханадан түсірілген бірнеше суретін жариялап, гауһар тасы бар неке сақинасын көрсетті. Алайда болашақ жарының кім екенін жария етпей, оның жүзін жасырып қойған.
«Мен «иә” дедім! Сені сүйемін, жаным!. Ол дәстүр бойынша тізерлеп отырып ұсыныс жасады. Тіпті алдын ала менің анамнан, яғни болашақ енесінен батасын алып қойған. Өмірімде алғаш рет осындай жағдай болды. Иә, бұл дұрыс деп ойлаймын, сіздермен келісемін» — деп жазды Екатерина.
Дмитрий мен Екатерина Бивол он жылдан астам уақыт отасып, екі ұл тәрбиелеген. Алайда ажырасқаннан кейін олардың арасындағы сот даулары мен өзара айыптаулар қоғам назарынан түспеді.
Бұған қоса, Екатерина Бивол 2025 жылы қазақтар мен қырғыздарға қатысты ұлтаралық араздықты қоздыру сипатындағы мәлімдемелері үшін үлкен дауға қалған болатын. Сол жылдың 31 қазанында Қазақстан Ішкі істер министрлігі оған қатысты қылмыстық іс қозғап, халықаралық іздеуге жариялады.
Кейін Санкт-Петербургтің Ленин аудандық соты Екатерина Биволды ұлттық және тілдік белгісі бойынша өшпенділік қоздырғаны үшін кінәлі деп танып, 60 сағат қоғамдық жұмысқа тарту туралы шешім шығарды.
