«ҚТЖ»-ның қапырық вагондары: аптап ыстықта жолаушылар қысылып, қарттар қиналды
Фото: Pixabay
19 шілдеде «Қызылорда — Семей» бағытындағы пойызға қосымша жалғанған 5 вагонның жолаушылары сұмдық жағдайға тап болды. Вагонда не салқындатқыш (кондиционер), не әжетхана істемей, ішіндегі балалар мен қарттар ыстықтан тұншығып, денсаулықтары күрт нашарлаған.
Ал поезд бастығы болса «бұл менің вагондарым емес, бұған Серикбай деген жауапты» деп мәселеден ат-тонын ала қашқан.
Жолсеріктер вагонның ескі екенін және жол бойында оны ешкім жөндеп бермейтінін айтып, қолдарын бір-ақ сілтеген. Мемлекеттік компанияның жауапкершіліктен қашуы мен халықтың тағдырына пысқырмауы қашанға дейін жалғаса бермек? Халықтың қалтасынан билет ақшасын қағып алып, жолаушыларды мұндай азапқа салу – сорақылықтың шын шыңы.
Видео: zhansaya_jane
