Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда өндірілген Coca-Cola әлемдегі үздік деп танылып, танымал тұлғалардың назарына ілікті • Сауд Арабиясында барлау тікұшағы апатқа ұшырап, екі офицер қаза тапты • Құрметтеуіміз қажет: Алматы әкімі «Алматы Тазалық» кәсіпорнының жаңартылған базасын аралады • Алматыда «Almaty Puppet Festival – 2026» IV халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтеді • Шакираның Бішкектегі концерті қалай өтті? • Путин Трамп пен Си Цзиньпинге Украинадағы соғысты талқылауды ұсынды • Қазақстанда өндірілген Coca-Cola әлемдегі үздік деп танылып, танымал тұлғалардың назарына ілікті • Сауд Арабиясында барлау тікұшағы апатқа ұшырап, екі офицер қаза тапты • Құрметтеуіміз қажет: Алматы әкімі «Алматы Тазалық» кәсіпорнының жаңартылған базасын аралады • Алматыда «Almaty Puppet Festival – 2026» IV халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтеді • Шакираның Бішкектегі концерті қалай өтті? • Путин Трамп пен Си Цзиньпинге Украинадағы соғысты талқылауды ұсынды •

    Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды

    Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Xiaomi корпорациясының президенті Лу Вэйбинмен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Жоғары технологиялар саласында әлемдік көшбасшылардың бірі саналатын компанияның жетекшісімен әңгімелесу барысында өзара тиімді ынтымақтастық перспективасы талқыланды.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның заманауи цифрлық экономика қалыптастыруға, жасанды интеллект пен жоғары технологиялық өнеркәсіпті дамытуға баса мән беріп отырғанын айтты.

    Мемлекет басшысы өңірде Xiaomi брендіне сұраныс арта түскенін атап өтті. Компанияның озық технологияларды игеруде  тәжірибесі мол екенін ескеріп,  жасанды интеллектіні, есептеуіш қуатын, «бұлтты» технологияларды және цифрлық платформаларды дамыту бағытында бірлескен жобаларды іске асыру әлеуетін зерделеп көру ұсынылды.

    Лу Вэйбин корпорацияның стратегиялық даму жоспарымен таныстырды.

    Xiaomi  басшылығы Қазақстан мен Орталық Азия нарығында дистрибуцияны барынша реттеуді жоспарлап отыр.

    Сонымен қатар күрделі ЖИ-жүйелерге қызмет көрсету үшін жергілікті мамандарды даярлау мәселесі де күн тәртібінде тұр.

    Бұл ретте Президент еліміздің электромобиль, аккумулятор өндірісін жолға қоюға, сондай-ақ интеллектуалдық көлік жүйелерін дамытуға мүдделі екенін жеткізді.

    Мемлекет басшысы Xiaomi компаниясының Қазақстан нарығында қызмет аясын кеңейтуге және ұзақмерзімді стратегиялық серіктестікті нығайтуға бағытталған барлық бастамасын қолдауға дайын екенін растады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →