Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 15 шілде 2026 $ 475,2 541,3 6,20
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбеде 50 жыл тұрған мұнара дүкенге құлады: апатқа кім жауапты? ШҚО-да Ертісте балықтар өліп жатыр Сапасыз жолдың кесірінен СҚО-да жүкті келіншек көз жұмды: Жамбыл ауданы әкімдігі қандай уәж айтады? ШҚО тұрғыны кір жуғыш машинаны қарасора өсіруге пайдаланған Адам санын қолдан көбейткен: Астанада жеке клиника басшысы 5 жылға сотталды «Ризамын, аман болыңыздар»: Димаш Құдайбергенннің анасы шығыстың жұртына алғыс білдірді Ақтөбеде 50 жыл тұрған мұнара дүкенге құлады: апатқа кім жауапты? ШҚО-да Ертісте балықтар өліп жатыр Сапасыз жолдың кесірінен СҚО-да жүкті келіншек көз жұмды: Жамбыл ауданы әкімдігі қандай уәж айтады? ШҚО тұрғыны кір жуғыш машинаны қарасора өсіруге пайдаланған Адам санын қолдан көбейткен: Астанада жеке клиника басшысы 5 жылға сотталды «Ризамын, аман болыңыздар»: Димаш Құдайбергенннің анасы шығыстың жұртына алғыс білдірді

    Ақмола облысында жол апатынан бір үйдің үш адамы қаза тапты

    Ақмола облысында жол апатынан бір үйдің үш адамы қаза тапты

    Фото: © istockphoto.com

    Ақмола облысында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды. Апат Бұланды ауданындағы Жаңаталап ауылы маңында, Астана – Петропавл автожолында болған, деп хабарлайды sinegor.kz сайтына сілтеме жасаған Qazaqtoday.info.

    Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл автокөлік жол қоршауына соғылған. Соққыдан кейін көлік өртеніп кеткен.

    Оқиға салдарынан көліктегі үш жолаушы қаза тапты. Алдын ала мәліметке сәйкес, олардың барлығы бір отбасының мүшелері болған. Атап айтқанда, алты жастағы бала, оның анасы және жүргізушінің әпкесі көз жұмған. Көлікті басқарған ер адам ауыр күйік алып, ауруханаға жеткізілді.

    Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, апаттың барлық мән-жайы мен себептері анықталуда.

    Жол-көлік оқиғасына байланысты тексеру басталды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

    Полиция азаматтарды тергеудің ресми қорытындысын күтуге және расталмаған ақпаратты таратпауға шақырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →