Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт боты іске қосылды • Юлия Такшина анорексиядан екі рет ауруханаға түскенін айтты • 2026 жылғы 31 қазандағы барлық зодиак белгілеріне арналған күнделікті жұлдыз жорамалы • Қазақтың киіз өнері әлемдік рекордқа тіркелді: 500 туынды сертификатталды • United Airlines Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарының әлеуетін зерттеп жатыр • «Астана Операда» «Чарли мен Ирэн» балет-комедиясының әлемдік премьерасы өтті • Мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт боты іске қосылды • Юлия Такшина анорексиядан екі рет ауруханаға түскенін айтты • 2026 жылғы 31 қазандағы барлық зодиак белгілеріне арналған күнделікті жұлдыз жорамалы • Қазақтың киіз өнері әлемдік рекордқа тіркелді: 500 туынды сертификатталды • United Airlines Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарының әлеуетін зерттеп жатыр • «Астана Операда» «Чарли мен Ирэн» балет-комедиясының әлемдік премьерасы өтті •

    Қарбызды қазірше жеуге болмайды: Ауыл шаруашылығы министрлігі себебін түсіндірді

    Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов қарбызды әзірше жеуге болмайтынын, оның ішінде балаларға қауіпті екенін ескертті. Қауіпсіз уақыт – шілде соңы мен қыркүйек.

    Қарбызды қазірше жеуге болмайды: Ауыл шаруашылығы министрлігі себебін түсіндірді

    Қарбызды әзірше тағамға пайдаланбау керек. Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Азат Сұлтанов қазақстандықтарға, әсіресе балаларға қарбыз беруден бас тартуға кеңес берді. Бұл туралы үкіметтегі брифингте айтылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Азат Сұлтановтың айтуынша, бақша дақылдары бірнеше маусымда өсіріледі. Қарбыз сатып алудың ең қауіпсіз уақыты – шілде айының соңы мен қыркүйек аралығы. Ол бұл кезеңде қарбыздар тыңайтқыштар мен өсу стимуляторларын қолданбай пісетінін атап өтті.

    «Бұл кезеңде олар ешқандай қоспаларсыз піседі. Сондықтан әзірше, әсіресе балаларға, қарбыз беруден аулақ болған жөн. Бұл менің сарапшы ретіндегі пікірім», – деді вице-министр.

    Ол сондай-ақ басқа елдерден және Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен әкелінетін жеміс-көкөніс өнімдері фитосанитарлық бақылаудан өтетінін, яғни зиянкестер мен аурулардың бар-жоғы тексерілетінін түсіндірді. Дегенмен, вице-министр химикаттардың шамадан тыс қолданылу мәселесі де бар екенін атап өтті. Олардың қалдық мөлшері адамдарға қауіпті болуы мүмкін. Бұл мәселе бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен бірлесіп жұмыс істейді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →