Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 24 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Айгүл Иманбаева әкесімен 40 жыл араласпай, қайта қауышқанын айтты • АҚШ-та 76 жастағы әйел бұрынғы күйеуі мен оның сүйіктісін атып өлтірді • Қазақстанның бес облысында жазғы шинамен жүруге шектеу қойылды • Ресей дәрігері: үйленген әйелдер мен аналар ұзағырақ өмір сүреді • Оралда Республика күніне орай «Хан тоғайы» экологиялық саябағы ашылды • Алматыда Болат Назарбаевтың бейнесі түсірілген сағат 600 мың теңгеге сатылуда • Айгүл Иманбаева әкесімен 40 жыл араласпай, қайта қауышқанын айтты • АҚШ-та 76 жастағы әйел бұрынғы күйеуі мен оның сүйіктісін атып өлтірді • Қазақстанның бес облысында жазғы шинамен жүруге шектеу қойылды • Ресей дәрігері: үйленген әйелдер мен аналар ұзағырақ өмір сүреді • Оралда Республика күніне орай «Хан тоғайы» экологиялық саябағы ашылды • Алматыда Болат Назарбаевтың бейнесі түсірілген сағат 600 мың теңгеге сатылуда •

    Жол емес, батпақ: Арқалық әкімдігі Ашутасты халқын қашанға дейін елеусіз қалдырмақ?

    Жол емес, батпақ: Арқалық әкімдігі Ашутасты халқын қашанға дейін елеусіз қалдырмақ?

    Фото: видеодан скрин
    Жауын жауса болды, Арқалық пен Ашутасты ауылын байланыстыратын тасжол нағыз тозаққа айналады. Соңғы жауын-шашыннан кейін жолдың сиқы қашып, тұрғындардың қалаға қатынауы мүлдем мүмкін болмай қалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Ашутастылықтар күнделікті жұмысқа бару, ауруханаға науқас тасу сияқты ең қарапайым құқықтарынан айырылып, батпаққа батып отыр. Жергілікті әкімдік жыл сайын бюджеттен миллиондар бөлінгенін айтып есеп бергенімен, халықтың көріп отырған нақты нәтижесі — мынау ми батпақ пен шұрық-тесік жол. Ал «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы халықаралық маңызы бар күре жолдардың сапасын реттей алмай жатқанда, аймақтардағы ішкі жолдардың мынадай мүшкіл күйге түсуі таңғаларлық жағдай емес. Тұрғындар Арқалық қаласының әкімдігінен құрғақ уәде емес, жедел түрде нақты жөндеу жұмыстарын бастауды талап етеді.

    Видео: @arkalyk.news

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →