Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтауда «Цифрлық модельдеу» бойынша республикалық конкурс өтті • Қазақстандық семсершілер Бахрейндегі жастар чемпионатында жүлде алды • Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты • Атырау маңында Орал өзені жағалауындағы қамыс өрті сөндірілді • Қызылордадағы жантүршігерлік жол апаты: Ауыр жарақат алған анасы есін жиды • Қазақстандықтар Хэллоуинді сирек атап өтетін болды • Ақтауда «Цифрлық модельдеу» бойынша республикалық конкурс өтті • Қазақстандық семсершілер Бахрейндегі жастар чемпионатында жүлде алды • Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты • Атырау маңында Орал өзені жағалауындағы қамыс өрті сөндірілді • Қызылордадағы жантүршігерлік жол апаты: Ауыр жарақат алған анасы есін жиды • Қазақстандықтар Хэллоуинді сирек атап өтетін болды •

    Полиция Данияр Елеусіновтің ұсталған сәтін жариялады (ВИДЕО)

    Полиция Данияр Елеусіновтің ұсталған сәтін жариялады (ВИДЕО)

    Фото: Видеодан скрин

    Астана қаласының полициясы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің ұсталу сәті түсірілген бейнежазбаны жариялады. Спортшының мас күйінде көлік тізгіндегені анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан бірнеше автокөлікке зақым келген. Алдын ала ақпарат бойынша, Данияр Елеусінов Toyota Land Cruiser маркалы көлікті басқарып келе жатып, бірнеше көлікпен соқтығысқан. Оқиғадан кейін жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалғанымен, көп ұзамай полиция қызметкерлерінің қолына түскен.

    Оқиғадан кейін әлеуметтік желіде Елеусіновке тиесілі делінген көліктің фотосуреттері тарады. Кадрлардан қара түсті Toyota Land Cruiser 250 Prado жол талғамайтын көлігінің алдыңғы бөлігі айтарлықтай зақымданғанын көруге болады. Әсіресе, көліктің сол жақ алдыңғы тұсы қатты соққы алған: бампері бүлінген, капоты мен қанаты майысқан, фаралары сынған, сондай-ақ пластикалық доңғалақ аркасының қаптамасы жұлынып қалған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →