Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Ернұр Мырзахмет жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жеңіп алды «Әділет» партиясы Құрылтай сайлауына қатысатын кандидаттарды бекітті Жұмыс істеуге барған студентті көлік қаққан: Анталияда 18 жастағы қазақстандық қыз қаза тапты Полиция Данияр Елеусіновтің ұсталған сәтін жариялады (ВИДЕО) Ақтөбе облысында байланыс мұнарасы дүкенге құлап, үш адам зардап шекті АҚШ пен Ираннның соғысы қайта басталды: Трамп өткен айда жасалған келісімнің күші жойылғанын мәлімдеді Ернұр Мырзахмет жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жеңіп алды «Әділет» партиясы Құрылтай сайлауына қатысатын кандидаттарды бекітті Жұмыс істеуге барған студентті көлік қаққан: Анталияда 18 жастағы қазақстандық қыз қаза тапты Полиция Данияр Елеусіновтің ұсталған сәтін жариялады (ВИДЕО) Ақтөбе облысында байланыс мұнарасы дүкенге құлап, үш адам зардап шекті АҚШ пен Ираннның соғысы қайта басталды: Трамп өткен айда жасалған келісімнің күші жойылғанын мәлімдеді

АҚШ пен Ираннның соғысы қайта басталды: Трамп өткен айда жасалған келісімнің күші жойылғанын мәлімдеді

АҚШ пен Ираннның соғысы қайта басталды: Трамп өткен айда жасалған келісімнің күші жойылғанын мәлімдеді

Фото: скрин/ВВС

Вашингтон мен Тегеран арасындағы әскери қақтығыс жаңа фазаға өтті. Бейсенбі күні тараптар тағы да бір-біріне соққы беріп, салдарынан Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелер саны қысқарды. АҚШ Иран аумағындағы 90 әскери нысананы жойғанын мәлімдесе, Тегеран соңғы екі күнде 14 адамның қаза тапқанын хабарлады, деп жазады Qazaqtoday.info агенттігі ВВС-ге сілтеме бере отырып.

Иранның мемлекеттік БАҚ-тары Бушер атом электр станциясына жақын маңдағы нысандарға да соққы тигенін жазуда. Ресми Вашингтон бұл ақпаратқа қатысты әлі түсініктеме берген жоқ. Өз кезегінде Тегеран бұл шабуылдарға жауап ретінде Кувейт, Бахрейн, Катар, Иордания және Ирактағы америкалық әскери нысандарды зымыранмен атқылаған.

Әскери соққылар Иранның бұрынғы Жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеиді жерлеу рәсімі өтіп жатқан тұста жасалды. Ол ақпан айының соңында АҚШ пен Израильдің бірлескен әуе шабуылы кезінде қаза тапқан болатын.

«Ислам революциясы көшбасшысының денесі Мешхед қаласындағы Имам Реза кесенесінің мемориалды залында жерленді», — деп хабарлады IRIB мемлекеттік телеарнасы.

Жерлеу рәсіміне жиналған қалың бұқара АҚШ президенті Дональд Трампқа бағытталған қорқыту плакаттарын ұстап шыққан. Айта кетерлігі, Хаменеидің орнын басуы тиіс ұлы Моджтаба Хаменеи қаралы жиында бой көрсетпеді. Ол әкесі қаза тапқан шабуыл кезінде ауыр жараланып, содан бері көпшілік алдына шықпаған.

Әскери эскалация тараптардың маусым айында қол қойған 14 тармақтан тұратын өзара түсіністік меморандумының тас-талқанын шығарды. АҚШ президенті Дональд Трамп келісімнің күші жойылғанын және Тегеранмен бұдан былай ешқандай келіссөз жүргізбейтінін кесіп айтты.

«Мен олармен енді істес болғым келмейді, олар — қоғамның қоқысы. Олардың келісім шарттарын орындайтынына сенбеймін, басты мәселе де осында», — деді Трамп журналистерге.

Бұған жауап ретінде Иран Парламентінің спикері Мохаммад Багер Галибаф: «Егер сендер соққы жасасаңдар, жауабын аласыңдар. АҚШ қоқан-лоқы мен уәдені бұзудың салдары болатынын әлі түсінген жоқ», — деп мәлімдеді.

Ал Иран СІМ басшысы Аббас Арагчи Тегеранның америкалық биліктің дөрекілігіне «мәлімдемемен емес, батыл іс-әрекетпен» жауап беретінін жеткізді.

Әскери қимылдардың кесірінен халықаралық сауда қатты зардап шегіп жатыр. Танкер иелерінің Intertanko халықаралық ұйымының теңіз директоры Фил Белчердің айтуынша, бұғаз арқылы өтетін кемелер саны бір апта бұрынғы 70-тен қазір 30-ға дейін азайған. Бұл соғыс басталғанға дейінгі қалыпты деңгейден бірнеше есе аз.

Сарапшылар Трамптың алдында Иранмен келіссөз үстеліне қайта отырудан басқа амалының жоқтығын айтады.

Дереккөз: azattyq-ruhy.kz

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика