Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Батбаққа батқан бұқара: СҚО-дағы ауылда әлі күнге дейін асфальт жоқ Таразда әкімдіктің кесірінен тұрғындар шыбын-шіркейге таланып отыр Израиль АҚШ-қа Иранның Трампқа қастандық жоспары туралы барлау дерегін берді Түркістанда балалар ауруханасын тарақан басып кеткен Анасы табылған жоқ: Ақтөбеде тастанды сәби жаңа отбасына берілді Иран Хаменеиді жерлегеннен кейін АҚШ базаларына жаңа соққылар жариялады Батбаққа батқан бұқара: СҚО-дағы ауылда әлі күнге дейін асфальт жоқ Таразда әкімдіктің кесірінен тұрғындар шыбын-шіркейге таланып отыр Израиль АҚШ-қа Иранның Трампқа қастандық жоспары туралы барлау дерегін берді Түркістанда балалар ауруханасын тарақан басып кеткен Анасы табылған жоқ: Ақтөбеде тастанды сәби жаңа отбасына берілді Иран Хаменеиді жерлегеннен кейін АҚШ базаларына жаңа соққылар жариялады

«Қуыршақпен ойнаймын»: Жұлдыз Әбдікәрімова қызының шетелден әкелген сыйлығын көрсетті (ВИДЕО)

«Қуыршақпен ойнаймын»: Жұлдыз Әбдікәрімова қызының шетелден әкелген сыйлығын көрсетті (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова қызы Сезімнің шетелден әкелген сыйлығын көрсетті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында қызының өзіне қуыршақ сыйлағанын айтып, оған ерекше қуанғанын жеткізді. Актриса қуыршақтарды қатты жақсы көретінін және кейде олармен ойнайтынын жасырмады.

«Мамасының тұла бойы тұңғышы келді. Сезеканың маған әкелген сыйлығы. Мен қуыршақты өте қатты жақсы көремін. Оны менің қыздарым біледі. Анда-санда қуыршақ ойнайтыным бар енді», – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Сезім анасына қыз балалар арасында танымал «Мұзды өлке» мультфильмінің кейіпкерлері бейнеленген қуыршақтарды сыйлаған. Жұлдыз Әбдікәрімова сыйлықты көріп, балаша қуанып, бірден ойыншықтарды қолына алды.

Актриса қуыршақтарға қыздарының есімдерін қойып шықты. Мәселен, Эльза қуыршағын – Сезім, Аннаны – Алау, ал аққаланы Рабия Сұлтан деп атады.

Желі қолданушылары Жұлдыздың бұл сәтін жылы қабылдап, ана мен қыз арасындағы мейірімді қарым-қатынасқа сүйсінді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика