Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Полиция Данияр Елеусіновтің ұсталған сәтін жариялады (ВИДЕО) Ақтөбе облысында байланыс мұнарасы дүкенге құлап, үш адам зардап шекті АҚШ пен Ираннның соғысы қайта басталды: Трамп өткен айда жасалған келісімнің күші жойылғанын мәлімдеді «Тоқалын тығып жүр»: Мейрамбек Беспаев әйелімен үйленген күндерін шетелде атап өтті (ВИДЕО) Батбаққа батқан бұқара: СҚО-дағы ауылда әлі күнге дейін асфальт жоқ Таразда әкімдіктің кесірінен тұрғындар шыбын-шіркейге таланып отыр Полиция Данияр Елеусіновтің ұсталған сәтін жариялады (ВИДЕО) Ақтөбе облысында байланыс мұнарасы дүкенге құлап, үш адам зардап шекті АҚШ пен Ираннның соғысы қайта басталды: Трамп өткен айда жасалған келісімнің күші жойылғанын мәлімдеді «Тоқалын тығып жүр»: Мейрамбек Беспаев әйелімен үйленген күндерін шетелде атап өтті (ВИДЕО) Батбаққа батқан бұқара: СҚО-дағы ауылда әлі күнге дейін асфальт жоқ Таразда әкімдіктің кесірінен тұрғындар шыбын-шіркейге таланып отыр

Анасы табылған жоқ: Ақтөбеде тастанды сәби жаңа отбасына берілді

Анасы табылған жоқ: Ақтөбеде тастанды сәби жаңа отбасына берілді

Фото: © istockphoto.com

Мамыр айында Ақтөбедегі Түргенев көшесінің бойындағы ағаш түбінен пакетке оралған күйі табылған жаңа туған Батыр патронаттық отбасына берілді. Бұған дейін сәби бір айға жуық Сәбилер үйінде болған, деп хабарлайды «Диапазон» басылымына сілтеме жасаған Qazaqtoday.info.

Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, балаға Батыр деген есімді қалалық балалар ауруханасының дәрігерлері қойған. Сол жерде оған уақытша тегі де рәсімделген.

Қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері Наталья Головыринаның сөзінше, нәресте кездейсоқ жағдайдың арқасында аман қалған. Пакетті көшеден өтіп бара жатқан мектеп оқушылары байқап қалған.

«Жаңа туған сәби ұзақ уақыт ауа жетпей жата алмас еді. Оны полиция қызметкерлерінің сүйемелдеуімен жедел жәрдем жеткізді. Баланың денесі қатты тоңып қалғандықтан, алдымен жансақтау бөліміне жатқызылды. Кейін жаңа туған нәрестелер патологиясы бөліміне ауыстырылды. Оны асырап алғысы келетіндер көп болды. Қазір оның отбасында тәрбиеленіп жатқанына қуаныштымыз», – деді ол.

Ауруханаға түскен кезде Батырдың салмағы небәрі 2990 грамм болған. Үш апта ем қабылдағаннан кейін ол 550 грамм салмақ қосқан.

Сәбилер үйінің бас дәрігері Серік Айтукиннің айтуынша, бала дені сау, сабырлы болып өскен және жақсы салмақ жинаған.

«Оны жаңа отбасына шығарып саларда естелікке суретке түстік. Батыр біздің ең кішкентай тәрбиеленушілеріміздің бірі болды. Онымен қатар тағы бір жаңа туған сәби келген еді. Өткен аптада ол да отбасына берілді», – деді ол.

Еске салайық, 23 мамыр күні жетінші сыныпта оқитын екі қыз Түргенев көшесіндегі тұрғын үй ауласындағы ағаш түбінде жатқан пакеттен нәрестені тауып алған. Олар ересектерді шақырып, пакет ішінен жаңа туған ұл баланы тапқан. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы келген.

Полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша тергеу жалғасып жатыр. Баланың анасы әлі анықталған жоқ. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабы («Қауіпті жағдайда қалдыру») бойынша тергелуде.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика