Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтауда «Цифрлық модельдеу» бойынша республикалық конкурс өтті • Қазақстандық семсершілер Бахрейндегі жастар чемпионатында жүлде алды • Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты • Атырау маңында Орал өзені жағалауындағы қамыс өрті сөндірілді • Қызылордадағы жантүршігерлік жол апаты: Ауыр жарақат алған анасы есін жиды • Қазақстандықтар Хэллоуинді сирек атап өтетін болды • Ақтауда «Цифрлық модельдеу» бойынша республикалық конкурс өтті • Қазақстандық семсершілер Бахрейндегі жастар чемпионатында жүлде алды • Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты • Атырау маңында Орал өзені жағалауындағы қамыс өрті сөндірілді • Қызылордадағы жантүршігерлік жол апаты: Ауыр жарақат алған анасы есін жиды • Қазақстандықтар Хэллоуинді сирек атап өтетін болды •

    Ақмола облысында полицейді балағаттаған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды

    Ақмола облысында полицейді балағаттаған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды

    Фото: ІІМ

    Ақмола облысының Астрахан ауданында полиция қызметкеріне тіл тигізген жергілікті тұрғын қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ,

    Оқиға 6 шілде күні кешке Жалтыр ауылының орталық алаңында болған. Учаскелік инспектор алаңда мас күйінде жүрген әйелді байқайды. Кейін жүргізілген медициналық куәландыру оның орта дәрежелі ішімдік ішкенін растады.

    Тәртіп сақшылары қоғамдық орындағы заңсыздықты тоқтатпақ болғанда, 34 жастағы ауыл тұрғыны міндетін атқарып жүрген полицейлерді балағаттап, тіл тигізген. Әйелдің бұл әрекеті видеоға тіркеліп, қазіргі уақытта оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

    Полиция департаменті азаматтарға билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбау, оларды балағаттау немесе қарсылық көрсету заң бойынша қатаң жазаланатынын ескертеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →