Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Каспийге туған күнін тойлауға кетіп, жоғалған жігітті іздеу жұмыстары жалғасып жатыр Алакөлде жыныстық қатынасқа түскен қыз бен жігітті бір топ адам соққыға жықты (ВИДЕО) 28 адам ауыр жарақат алған: Угандада жол апатынан 14 адам қаза тапты Атыраудағы қанды қылмыс: Ақбаянға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды Данияр Елеусіновтің қатысуымен болған жол апаты: оқиғаның мән-жайы айтылды 1 миллиард теңге қайда кетті: Тарбағатай–Аягөз жолындағы шудың ақыры не болмақ? Каспийге туған күнін тойлауға кетіп, жоғалған жігітті іздеу жұмыстары жалғасып жатыр Алакөлде жыныстық қатынасқа түскен қыз бен жігітті бір топ адам соққыға жықты (ВИДЕО) 28 адам ауыр жарақат алған: Угандада жол апатынан 14 адам қаза тапты Атыраудағы қанды қылмыс: Ақбаянға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды Данияр Елеусіновтің қатысуымен болған жол апаты: оқиғаның мән-жайы айтылды 1 миллиард теңге қайда кетті: Тарбағатай–Аягөз жолындағы шудың ақыры не болмақ?

«Тұрсынбектің өзі де, көзі де жоқ»: Сәкен Майғазиев әзілкештің әулетіндегі той туралы

«Тұрсынбектің өзі де, көзі де жоқ»: Сәкен Майғазиев әзілкештің әулетіндегі той туралы

Фото: видеодан скрин

Әнші Сәкен Майғазиевтің тележүргізуші Мөлдір Мұқанның отбасылық мерекесінде айтқан тілегі әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

Мөлдір Мұқан жақында отбасындағы үш маңызды қуанышты бір кеште атап өткен болатын. Салтанатты жиында сөз алған Сәкен Майғазиев:

«Тұрсынбек пен Мөлдірдің кішкентай құлыншақтары сенімдерін ақтай берсін», – деп ақжарма тілегін білдірген.

Алайда бұл сөзден кейін желі қолданушыларының бір бөлігі өнер иесін сынға алды. Олар Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанның ажырасқанын еске салып, мұндай жағдайда бұрынғы жұбайының есімін атаудың орынсыз екенін жазды.

Пікір қалдырушылардың бірі:

«Сәкен мырза, Тұрсынбекті екінші отбасына барған кезде құттықтайсыз. Бұл – Мөлдірдің шаңырағы. Әке болып келмей ме? Қазір заман басқа. Келсе, Мөлдір кет демейді ғой. Ел алдында жүрген азамат сонда екіншісімен өте алмай келе алмай тұр ғой, ол әйелі білетін отбасы екені», – деп жазған.

Тағы бір қолданушы:

«Тұрсынбектің өзі де көзі де жоқ қой. Ондай адамды айтып қыстырудың не қажеті бар?», – деген пікір қалдырған.

Сонымен қатар, кейбір желі қолданушылары Сәкен Майғазиевтің сөзінен ешқандай астар іздеудің қажеті жоқ екенін айтып, оның тек балаларға ақ тілегін жеткізгенін алға тартты.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика