Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Атыраудағы қанды қылмыс: Ақбаянға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды Данияр Елеусіновтің қатысуымен болған жол апаты: оқиғаның мән-жайы айтылды 1 миллиард теңге қайда кетті: Тарбағатай–Аягөз жолындағы шудың ақыры не болмақ? «Тұрсынбектің өзі де, көзі де жоқ»: Сәкен Майғазиев әзілкештің әулетіндегі той туралы Tesla-ға инвестиция салған қазақ кәсіпкері Илон Маскпен қалай танысты? Әлемдік нарықта мұнай бағасы тағы қымбаттап кетті Атыраудағы қанды қылмыс: Ақбаянға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды Данияр Елеусіновтің қатысуымен болған жол апаты: оқиғаның мән-жайы айтылды 1 миллиард теңге қайда кетті: Тарбағатай–Аягөз жолындағы шудың ақыры не болмақ? «Тұрсынбектің өзі де, көзі де жоқ»: Сәкен Майғазиев әзілкештің әулетіндегі той туралы Tesla-ға инвестиция салған қазақ кәсіпкері Илон Маскпен қалай танысты? Әлемдік нарықта мұнай бағасы тағы қымбаттап кетті

Елімізде алдағы күндері 45 градусқа дейін ыстық болады

Елімізде алдағы күндері 45 градусқа дейін ыстық болады

Фото: Pixabay

Қазақстанның басым бөлігінде алдағы үш күнде аптап ыстық сақталады. Кей өңірлерде ауа температурасы 45 градусқа дейін көтерілсе, батыс, солтүстік-батыс және шығыс аймақтарда найзағай ойнап, нөсер жаңбыр және бұршақ жауып, екпіні күшті жел соғады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамынша, 9 шілдеде мұндай ауа райы шығыс өңірлерге ауысады. Бұл аймақтарда да нөсер жаңбыр мен найзағай болжанады, алайда кейін жауын-шашын тоқтап, күн ашылады.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Ал республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз, құрғақ әрі ыстық ауа райы сақталады.

— Күндіз ауа температурасы еліміздің басым бөлігінде қатты және өте қатты ыстықтың шегіне жетеді. Батыс пен оңтүстік-шығыста сынап бағаны +42 градусқа дейін көтерілсе, солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерде +40 градусқа дейін ысиды. Оңтүстік облыстарда аптап ыстық күшейіп, ауа температурасы +45 градусқа дейін жетеді. Шығыс өңірлерде де +38 градусқа дейін ыстық болады, — делінген хабарламада.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика