Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Қазақстан бензин мен дизель отынын экспорттауға қойылған тыйымды ұзартпақ Ақтаудың арсызы: көшеде тыр жалаңаш жүрген еркек 20 күнге қамалды Талғат Алдыбергенов ҚТЖ басшысы қызметінен босатылды АҚШ Ирандағы 80 нысанаға соққы жасады, Тегеран жауап беруге уәде етті Қостанайда ашық люк көлікті қиратты: Әкімдік тағы да қараусыз қалдырған Өскемен халқы егеуқұйрықтар мен қаңғыбас иттерден сескеніп отыр Қазақстан бензин мен дизель отынын экспорттауға қойылған тыйымды ұзартпақ Ақтаудың арсызы: көшеде тыр жалаңаш жүрген еркек 20 күнге қамалды Талғат Алдыбергенов ҚТЖ басшысы қызметінен босатылды АҚШ Ирандағы 80 нысанаға соққы жасады, Тегеран жауап беруге уәде етті Қостанайда ашық люк көлікті қиратты: Әкімдік тағы да қараусыз қалдырған Өскемен халқы егеуқұйрықтар мен қаңғыбас иттерден сескеніп отыр

Парақорлық тоқтар емес: елімізде бір айда 97 дерек тіркелген

Парақорлық тоқтар емес: елімізде бір айда 97 дерек тіркелген

Қазақстанда маусым айында 125 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, олардың 97-сі пара алу немесе пара беруге қатысты болған.

Маусым айында 67 адам күдікті деп танылды. Осы кезеңде 149 қылмыстық істің тергеуі аяқталып, оның 129-ы сотқа жіберілді.

Парақорлықтан бөлек, тіркелген қылмыстардың қатарында алаяқтық, мемлекет қаржысын жымқыру, қызметтік жалғандық жасау және лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану деректері де бар.

Тергеуі аяқталған істер бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі 4,7 млрд теңгені құрады. Оның 2,1 млрд теңгесі мемлекетке қайтарылған.

Сонымен қатар күдіктілерге тиесілі 971 млн теңгеден астам мүлікке тыйым салынды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика