Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мейіржан Әуелханұлы ХАТУ студенттерімен жасанды интеллект туралы кездесті • Тараз – Астана рейсіндегі тексеру: полиция түсініктеме берді • Зерттеу: Өзін тартымды санау жыныс, білім және тұлғалық қасиеттерге байланысты • ТүркПА отырысында Құрылтай төрағасы Қырғызстан парламентінің спикерімен кездесті • Доллар бағамы 452,59 теңгеге көтерілді: Ұлттық банк бағамы мен айырбастау пункттері • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады • Мейіржан Әуелханұлы ХАТУ студенттерімен жасанды интеллект туралы кездесті • Тараз – Астана рейсіндегі тексеру: полиция түсініктеме берді • Зерттеу: Өзін тартымды санау жыныс, білім және тұлғалық қасиеттерге байланысты • ТүркПА отырысында Құрылтай төрағасы Қырғызстан парламентінің спикерімен кездесті • Доллар бағамы 452,59 теңгеге көтерілді: Ұлттық банк бағамы мен айырбастау пункттері • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады •

    Қабылдау кезінде дәрігерді қорлаған қазақстандық 10 тәулікке қамалды

    Қабылдау кезінде дәрігерді қорлаған қазақстандық 10 тәулікке қамалды

    Фото: ашық дереккөз

    Жамбыл облысының тұрғыны ауруханада қабылдау кезінде дәрігерді қорлағаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Мұндай шешімді Қордай аудандық соты шығарды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Сот мәліметінше, оқиға 2026 жылдың маусым айында Сортөбе ауылындағы ауруханада болған. Қабылдау кезінде ер адам қызметтік міндетін атқарып отырған дәрігерді былапыт сөздермен балағаттаған.

    Сотта айыпталушы өз кінәсін мойындамады. Алайда құқық бұзушылық фактісі іс материалдарымен, сондай-ақ жәбірленуші мен куәлардың айғақтарымен дәлелденді.

    «Дәрігер сотта пациентті кешірмейтінін айтып, оған қамауға алу түріндегі жаза тағайындауды сұрады», – деп хабарлады сот.

    Жаза тағайындау кезінде сот ер адамның әкімшілік жауапкершілікке алғаш рет тартылып отырғанын ескерді. Жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

    Нәтижесінде сот оны Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 80-1-бабының 2-бөлігі («Медицина қызметкеріне құрметсіздік таныту») бойынша кінәлі деп танып, аталған бапта көзделген ең қатаң жаза – 10 тәулік әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →