«Қош келдің, қызым!»: белгілі әнші Ринат Шамшырақ әке атанды
Фото: әлеуметтік желі
Әнші әрі блогер Ринат Шамшырақ пен жұбайы Аружан Төренің отбасында қуанышты жағдай орын алып, олар қызды болды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында алғаш рет әке атанғанын сүйіншілеп, оқырмандарынан сүйінішті лебіздер күтетінін жеткізді.
«Аллаға мың шүкір. Жақсылар, құттықтап қойсаңыздар болады. Бүгін Алланың қалауымен әке атандым. Қош келдің, қызым! Осындай сәт сіздерге де жұғысты болсын. Ана болу, әке болу бақытын шын жүректен тілеймін», – деп жазды әнші.
Сондай-ақ Ринат Шамшырақ сәбидің есімін үлкендердің таңдайтынын айтып, осындай бақыт сыйлаған жарына деген жылы сезімін білдірді.
«Есімін бұйыртса, атасы мен әжесі өзіміз қоямыз деді. Осындай сәтті сыйлаған жарыма алғысым шексіз», – деді ол.
Желі қолданушылары жас ата-ананың қуанышына ортақтасып, нәрестеге амандық, ұзақ ғұмыр және отбасына бақ-береке тілеп, ақ жарма тілектерін жаудыруда.
