Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Қазақмыс» экологиялық жаңғыртуға 829,6 млрд теңге инвестиция салады Құтқару жұмысы баяу: Венесуэла билігі жер сілкінісінен қаза тапқандар санынан жаңылды Қазақстан бензин мен дизель отынын экспорттауға қойылған тыйымды ұзартпақ Ақтаудың арсызы: көшеде тыр жалаңаш жүрген еркек 20 күнге қамалды Талғат Алдыбергенов ҚТЖ басшысы қызметінен босатылды АҚШ Ирандағы 80 нысанаға соққы жасады, Тегеран жауап беруге уәде етті «Қазақмыс» экологиялық жаңғыртуға 829,6 млрд теңге инвестиция салады Құтқару жұмысы баяу: Венесуэла билігі жер сілкінісінен қаза тапқандар санынан жаңылды Қазақстан бензин мен дизель отынын экспорттауға қойылған тыйымды ұзартпақ Ақтаудың арсызы: көшеде тыр жалаңаш жүрген еркек 20 күнге қамалды Талғат Алдыбергенов ҚТЖ басшысы қызметінен босатылды АҚШ Ирандағы 80 нысанаға соққы жасады, Тегеран жауап беруге уәде етті

Сүйектері сынған: Павлодарда реанимобиль қаққан 76 жастағы әженің жағдайы белгілі болды

Сүйектері сынған: Павлодарда реанимобиль қаққан 76 жастағы әженің жағдайы белгілі болды
Павлодарда реанимобиль жаяу жүргіншілер өткелінде 76 жастағы әйелді қағып кетті.

Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем стансасының мәліметінше, оқиға Академик Сәтбаев көшесінде бірінші санаттағы шұғыл шақыртуға бара жатқан кезде болған.

«Реанимобиль қосулы тұрған арнайы жарық және дыбыс белгілерімен жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан сәтте өткелге әйел шыққан. Оқиғадан кейін 103 қызметкерлері оған бірден алғашқы медициналық көмек көрсетіп, Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізді», – деп хабарлады жедел жәрдем стансасы.

Шақырту кейін басқа жедел жәрдем бригадасына берілген.

Дәрігерлердің мәліметінше, зардап шеккен әйелдің балтыр сүйектері сынған, сондай-ақ денесінің әр жері көгеріп, сырылған. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

Павлодар облыстық полиция департаменті жол-көлік оқиғасына байланысты тексеру басталғанын мәлімдеді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика