Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,1 527,8 5,21
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қарағанды облысында үйлердің бірінің аумағынан жылан шықты (ВИДЕО) Шымкентте пойызға тас лақтырған жасөспірімдер ұсталды Тоқаев Лаос президентін әуежайдан шығарып салды (ВИДЕО) «Сенуге тұрмайтын адам»: Баян Алагөзова бірнеше рет ажырасқан Мөлдір Әуелбекова жайлы пікір білдірді «Неге жармассақ, Құдай сонымен сынайды»: коуч Құралай өміріндегі қиыншылықтары туралы айтты (ВИДЕО) Ауыл шаруашылығы министрлігі шетелден алма әкелуге уақытша тыйым салды Қарағанды облысында үйлердің бірінің аумағынан жылан шықты (ВИДЕО) Шымкентте пойызға тас лақтырған жасөспірімдер ұсталды Тоқаев Лаос президентін әуежайдан шығарып салды (ВИДЕО) «Сенуге тұрмайтын адам»: Баян Алагөзова бірнеше рет ажырасқан Мөлдір Әуелбекова жайлы пікір білдірді «Неге жармассақ, Құдай сонымен сынайды»: коуч Құралай өміріндегі қиыншылықтары туралы айтты (ВИДЕО) Ауыл шаруашылығы министрлігі шетелден алма әкелуге уақытша тыйым салды

    Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға қатысты Президентке ұжымдық арыз жолданды

    Оқу-ағарту министрлігінің қызметкерлері Президентке ұжымдық арыз жолдап, министр Жұлдыз Сүлейменованы қызметінен босатуды сұрады.

    Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға қатысты Президентке ұжымдық арыз жолданды

    Дереккөз: Democrat.kz сайтынан

    Оқу-ағарту министрлігінің қазіргі және бұрынғы қызметкерлері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұжымдық арыз жолдап, онда министр Жұлдыз Сүлейменованы қызметінен босатуды сұраған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Арызда министрліктегі психологиялық қысым, жаппай кадрлық ауыс-түйіс, жұмыстан шығару қаупі, буллинг, демалыс күндері жұмысқа мәжбүрлеу, сондай-ақ кадрлық тағайындаулар мен марапаттардың әділдігіне күмән келтірілген.

    Құжатқа сәйкес, ондаған бұрынғы басшы жұмыстан босатылған, ал бірқатар қазіргі қызметкер тәртіптік жаза алып, жұмыстан шығарылу алдында тұр.

    Арыз авторлары уәкілетті органдарға сенбейтінін білдіріп, Президенттен тәуелсіз тексеру жүргізуді, қызметкерлерді қысымнан қорғауды және Жұлдыз Сүлейменованы қызметінен босату мәселесін қарауды сұраған.

    Айта кетейік, бұл арыз авторларының мәлімдемесі. Оқу-ағарту министрлігі әзірге құжатқа қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →