Негізгі мазмұнға өту
Today Live

«Қимай 5 сағат жыладым»: Тұрсынбек Қабатов жан сырын ақтарды

«Қимай 5 сағат жыладым»: Тұрсынбек Қабатов жан сырын ақтарды

Фото: Видеодан скрин

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов Дубайдағы оқуын бітіріп, диплом алған тұңғыш қызымен кездесіп, арнайы құттықтады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

«Әдеміні Дубайға оқуға түсіріп қайтып келе жатқанда, қимай 5 сағат жылап келгенмін. Қазір үмітімізді ақтап, жақсы оқып шықтым. Сенімен мақтанамын! Ризамыз!»,–  деді Тұрсынбек Қабатов.

Әдемі Тұрсынбекқызы ата-анасына ризашылығын білдіріп, тілегін арнады.

«Ең үлкен алғысым – папа мамаға. Маған шетелде білім алып, бала кезден армандаған мамандығымда оқуға мүмкіндік бергендеріңіз үшін шексіз ризамын. Әрбір бала үшін ата-анасының қолдауы мен осындай мүмкіндікке ие болуы – үлкен бақыт. Бұл – менің өмірімдегі жаңа белестің бастауы. Сенімдеріңіз, қолдауларыңыз және мен үшін жасаған барлық еңбектеріңіз н ұмытылмайды. Рақмет сіздерге!»,– деді ол.

Көпшілік бойжеткеннің ақылына тәнті болып, тілектерін жаудырды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика