Басты бет » Instagram арқылы ақша талап еткен: Шымкентте тағы бір танымал блогер ұсталды

Instagram арқылы ақша талап еткен: Шымкентте тағы бір танымал блогер ұсталды

Фото: Polisia.kz жариялаған бейнежазбадан скриншот

Шымкентте әлеуметтік желі арқылы ақша бопсалады деген күдікпен блогер мен оның үш сыбайласы ұсталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар барысында Instagram әлеуметтік желісінде 150 мыңға жуық оқырманы бар жергілікті блогердің үш сыбайласымен бірге кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерден ақша бопсалағаны анықталған.

Полиция мәліметінше, күдіктілер  қызметтік міндеттерін атқару барысында орын алды деп болжанған тәртіп бұзушылықтарды, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке қатысты болуы мүмкін заң бұзушылықтарды сылтау етіп, түрлі бейнематериалдар жинаған.

Кейін сол жазбаларды әлеуметтік желіде жариялаймыз деп қорқытып, азаматтардан ақша талап еткен. Жедел іс-шара нәтижесінде күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика