Атырау қаласы, Азаттық көшесі, 5 мекенжайында орналасқан 1930 жылы салынған тұрғын үй 2024 жылғы техникалық сараптама қорытындысымен ресми түрде апатты деп танылған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Мамандар ғимараттың негізгі көтергіш арқалықтары шіріп, шатырынан үнемі су өтетінін және кіреберістегі ішкі әрлеу бөлігінің құлау қаупі жоғары екенін анықтаған. Соңғы уақытта жиі жауған жаңбырдан кейін баспананың жағдайы мүлдем нашарлап, мұнда тұратын зейнеткерлер мен балалы отбасылардың өміріне күн сайын тікелей қауіп төнуде.
Үйдің ресми түрде апатты деп танылғанына қарамастан, жергілікті өңір әкімдігі бүгінгі күнге дейін мәселені шешуге бағытталған ешқандай нақты жұмыс жүргізбей, салғырттық танытып отыр. Тұрғындар күнделікті үрей құшағында өмір сүруден әбден қажығанын айтып, жауапты органдардан шұғыл түрде көмек көрсетуді және тиісті шара қолдануды талап етеді.
Аймақ басшылығы халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігіне бейжай қарауды қойып, апатты жағдайдағы бұл мәселені тез арада бақылауға алуы тиіс.
