Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бахрейндегі Азия чемпионатында қазақ фехтованиешілері екі қола медаль алды • Қуат Хамитов Душанбеде жеңіске жетіп, футболға бөлінетін қаржыны сынға алды • «Шымыр»: Ержанов сценарийі Матжановтың қолында қалай жанданды • Ақтауда «Цифрлық модельдеу» бойынша республикалық конкурс өтті • Қазақстандық семсершілер Бахрейндегі жастар чемпионатында жүлде алды • Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты • Бахрейндегі Азия чемпионатында қазақ фехтованиешілері екі қола медаль алды • Қуат Хамитов Душанбеде жеңіске жетіп, футболға бөлінетін қаржыны сынға алды • «Шымыр»: Ержанов сценарийі Матжановтың қолында қалай жанданды • Ақтауда «Цифрлық модельдеу» бойынша республикалық конкурс өтті • Қазақстандық семсершілер Бахрейндегі жастар чемпионатында жүлде алды • Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты •

    Павлодар әкімдігінің «көзбояуы»: Лермонтов көшесіндегі сапасыз жөндеу халықтың ашуын туғызды

    Павлодар әкімдігінің «көзбояуы»: Лермонтов көшесіндегі сапасыз жөндеу халықтың ашуын туғызды

    Фото: видеодан скрин

    Павлодарда тесіліп қалған сапасыз жолдарға тұрғындар наразылық танытты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Лермонтов көшесіндегі №87–89 үйлердің тұрғындары былтыр ғана жасалған жол жөндеу жұмыстарының сапасына наразы болып, әкімдіктің әрекетсіздігін сынға алды.

    Жергілікті халықтың айтуынша, шұрық-тесік жолдың орнын мердігерлер жай ғана қиыршық таспен (щебень) көме салып, жұмысты атүсті істей салған. Алайда, алғашқы жауған жаңбырдан кейін-ақ бұл уақытша жабын шайылып кетіп, асфальт қайтадан бұрынғы апатты күйіне түсті.

    Көлік қозғалысына қауіп төндірген бұл келеңсіздікті тұрғындар видеоға түсіріп, қалалық қызметтерге ресми шағым жолдаған. Өкінішке қарай, халықтың салығына жасалған бұл «көзбояушылыққа» қатысты жауапты органдардан әлі күнге дейін ешқандай ресми түсініктеме берілген жоқ.

    Видео: news14.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →