Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 17 тамыз 2026 $ 463,5 536,3 5,52
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Баян Мақсатқызы Канье Уэстің концертіне қатысты пікірін білдірді Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испаниядағы W35 турнирінде жеңімпаз атанды «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» атағы енгізілді Павлодардағы Ұлттық ұлан сарбазы шахматтан спорт шеберіне үміткер «Мұны қалай түсінуге болады?»: Баян Мақсатқызы Канье Уэсттің концертінен кейін ренішін білдірді Диана Скатова үйлену тойын тікелей эфирде ақылы түрде көрсетпек Баян Мақсатқызы Канье Уэстің концертіне қатысты пікірін білдірді Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испаниядағы W35 турнирінде жеңімпаз атанды «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» атағы енгізілді Павлодардағы Ұлттық ұлан сарбазы шахматтан спорт шеберіне үміткер «Мұны қалай түсінуге болады?»: Баян Мақсатқызы Канье Уэсттің концертінен кейін ренішін білдірді Диана Скатова үйлену тойын тікелей эфирде ақылы түрде көрсетпек

    Қасым-Жомарт Тоқаев: Жасанды интеллект саласындағы жаңа жобалар мен цифрлық трансформация

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект саласындағы суперкомпьютерлер, мегажобалар және цифрлық трансформация туралы айтты.

    Қасым-Жомарт Тоқаев: Жасанды интеллект саласындағы жаңа жобалар мен цифрлық трансформация

    Қуатты суперкомпьютерлерді іске қосу – маңызды қадам, дейді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұл жасанды интеллект жөніндегі теориялық тұжырымдарды мемлекеттік басқаруға, экономикаға және ұлттық қауіпсіздікке арналған қолданбалы шешімдерге ұластырды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Дегенмен жасанды интеллект мол қуат пен есептеу кеңістігін қажет етеді. Дәл осы себепті «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» мегажобасын қолға алудың мәні зор. Аталған жоба әлемдегі жетекші BigTech-корпорацияларды тартатын жойқын гравитациялық алаңға айналады.

    Үкімет бұл міндетті айрықша бақылауда ұстауы керек. Оның орындалуын ұдайы қадағалап отырамын, деді Президент. Шын мәнінде, қазір Жаңа Жібек жолының жоғары технологиялық хабы ретінде еліміздің цифрлық дербестігінің іргесі қаланып жатыр. Бұл ретте ең қуатты компьютерлерде, озық дата-орталықтарда жұмыс істейтін маман болмаса, қаржы желге ұшатынын ұмытпауымыз керек.

    Сондықтан болашақ архитекторлары мен бағдарлама әзірлеушілерін мектеп партасынан бастап даярлауға кірістік. Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының жанынан екі инновациялық мектеп ашылды. Осы оқу жылында Жасанды интеллект университеті ашылады. Бұл – аталған салаға маман даярлайтын Орталық Азиядағы тұңғыш арнаулы оқу орны болмақ.

    Цифрлық трансформация дегеніміз – жоғарыдан төмен қарай барлық басқару тармақтарын, тіпті халықтың басым бөлігін қамтитын ашық әрі қарқынды үдеріс. Қазірдің өзінде жоғары лауазымды басшылардан бастап ауыл әкімдеріне дейін он мыңдаған мемлекеттік қызметші осы салалық білім беру бағдарламасына қатысып жатыр.

    Біз мемлекеттік басқарудың логикасы мен философиясын түбегейлі өзгертуіміз керек. Әдеттегі бюрократиядан арылып, тиімділігі жоғары «Мемлекет-платформа» (GovTech) сервистік парадигмасына батыл түрде көшуіміз қажет. Түпкі мақсатымыз – жаһандық технологиялық ландшафтта орныққан, ұлттық мүддені табанды түрде қорғап, ілгерілететін, азаматтарына мүлтіксіз қызмет ететін озық цифрлық мемлекет құру, деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →