Басты бет » Жағдайы ауыр: Павлодарда зират күзетшісін пышақтап кетті

Жағдайы ауыр: Павлодарда зират күзетшісін пышақтап кетті

Фото: islam.kz

Павлодар қаласындағы зираттардың бірінде күзетшіге шабуыл жасалды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

Алдын-ала мәлімет бойынша, кәмелетке толмағандардан құралған бір топ Павлодардағы зираттардың біріне заңсыз кіріп, күзетшіге шабуыл жасаған. Олар ер адамға оннан астам пышақ жарақатын салған. Зардап шеккен азамат – 1963 жылы туған ер адам.

«Аталған факті бойынша полиция қылмыстық істі тергеп жатыр. Іске қатысы бар барлық тұлғалар анықталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика