Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 28 тамыз 2026 $ 461,9 538,0 5,41
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент Халық Кеңесі жасақталатын мерзімді атады Айбек Дәдебай Құрылтай Төрағасы лауазымына ұсынылды Мемлекет басшысы: Тарихты жалған намыс пен даңғаза мақтан үшін бұрмалау жақсылық әкелмейді Зардабын келешек ұрпақ тартады: Тоқаев әлемнің дамуындағы қиындықтарға тоқталды Сайлау ашық әрі әділ өтті, өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды — Тоқаев Бүгін өмірі өнегеге толы қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтың туған күні Президент Халық Кеңесі жасақталатын мерзімді атады Айбек Дәдебай Құрылтай Төрағасы лауазымына ұсынылды Мемлекет басшысы: Тарихты жалған намыс пен даңғаза мақтан үшін бұрмалау жақсылық әкелмейді Зардабын келешек ұрпақ тартады: Тоқаев әлемнің дамуындағы қиындықтарға тоқталды Сайлау ашық әрі әділ өтті, өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды — Тоқаев Бүгін өмірі өнегеге толы қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтың туған күні

    Құлсарыдағы жаңа тротуарлар мен гүлзарлар сапасыз: тұрғындар наразы

    Құлсарыдағы 1-ші ықшамауданда жаңа тротуарлардың тастары шашылып, жиектастары құлап, гүлзарлар қурап қалды. Тұрғындар сапасыз жұмысқа наразы.

    Құлсарыдағы жаңа тротуарлар мен гүлзарлар сапасыз: тұрғындар наразы

    Құлсары қаласындағы 1-ші ықшамауданда жаңадан салынған тротуарлардың тастары шашылып, жиектастары құлап, жаяу жүргіншілерге қауіп төніп тұр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Бұған қоса, жылу құбырларының айналасын арамшөп басып, қаптамалары ашық-шашық жатса, гүл егілген жерлерге құнарлы топырақтың орнына құм төгілгендіктен жасыл желек қурап қалған. Қаладағы кейбір абаттандыру жобалары, соның ішінде фонтандар мен демалыс орындары әлі аяқталмаған, айналасы құрылыс материалдары мен құбырларға толы.

    Жергілікті тұрғындар жауапты ведомстволардың мұндай сапасыз жұмысты қалай қабылдап алғанына наразылық білдіріп, олқылықтарды кім түзететінін сұрауда. Олар биліктен бөлінген бюджеттің есебін талап етіп, сапасыз нысандарды қайта жөндеуді және абаттандыру барысын қатаң бақылауға алуды сұрайды. Халықтың басты талабы — құрғақ есеп емес, қауіпсіз әрі сапалы салынған көрікті қала.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →