Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан өңірлерінен келген фермерлер Алматыға арзандатылған бағамен 400 тоннадан астам азық-түлік әкеледі • «Амал жоқ, ұялдым…»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі тағы бір жаңалығын айтты • Shymbulak халықаралық SKI BUSINESS AWARDS 2026 сыйлығының лауреаты атанды • Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуға шақыруды ұсынды • Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты • Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты • Қазақстан өңірлерінен келген фермерлер Алматыға арзандатылған бағамен 400 тоннадан астам азық-түлік әкеледі • «Амал жоқ, ұялдым…»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі тағы бір жаңалығын айтты • Shymbulak халықаралық SKI BUSINESS AWARDS 2026 сыйлығының лауреаты атанды • Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуға шақыруды ұсынды • Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты • Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты •

    Абиба Әбужақынова 26 жастағы әзербайжандық дзюдошыдан жеңіліп қалды

    Абиба Әбужақынова 26 жастағы әзербайжандық дзюдошыдан жеңіліп қалды

    Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК

    Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан әлемдік Гран-при турнирінде күтпеген жерден жеңіліп қалды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

    48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Қазақстан құрамасының көшбасшысы алғашқы белдесуінде әзербайжандық Шафаг Хамидовамен кездесті. 26 жастағы қарсыласы бұған дейін 2018 жылы жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатында қола жүлде алғанымен танылған.

    Дегенмен бұл жолы Хамидова жарыстың басты фавориттерінің бірі саналған Абибаға қарсы сенімді өнер көрсетті. Белдесу барысында әзербайжандық дзюдошы екі «юко» ұпайын еншілеп, кейіннен «иппон» әдісімен жеңіске жетті.

    Осылайша Әбужақынова Циндао Гран-приіндегі жорығын ерте аяқтады. Қазақстандық спортшы турнирде жүлде үшін күресу мүмкіндігінен айырылды.

    Айта кетейік, Абиба бұған дейін Австрияның Линц қаласында өткен Гран-при кезеңінде де жүлдеге іліге алмаған еді. Ол жарыста қазақстандық дзюдошы қола медаль үшін белдесуде жеңіліп, бесінші орын алған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →