Басты бет » 4300 тұрғын жарақат алған: Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 235 адамға жетті

4300 тұрғын жарақат алған: Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 235 адамға жетті

Фото: Getty Images

Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 235 адамға жетті, жарақат алған 4300 адамнан асады.

ВВС мәліметіне сүйенсек, ел астанасындағы магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі күшті жер сілкінісінен 250-ден астам ғимарат қираған. Каракасқа жақын маңдағы Ла-Гуайра қаласында 10 қабатты қонақүй үйіндіге айналды, Тукакас қаласында да көпқабатты ғимарат құлаған. Мыңдаған адам баспанасыз қалды. Ел астанасы маңындағы Майкетия бас халықаралық әуежайы қатты зақымданып, жабылды.

Құтқару жұмысына электр қуатынының сөнуі мен интернет байланысының үзілуі кедергі келтіріп отыр. АҚШ, Доминикан Республикасы, Сальвадор, Мексика және Катар мемлекеттері құтқару жұмысына көмектесуге дайын екендерін білдірді. АҚШ билігі жедел жәрдем операциялары мен іздестіру-құтқару топтарын қолдау үшін 150 миллион доллар бөліп, әскери-көлік кемелері мен ұшақтарын жіберетінін хабарлады. Мемлекеттік хатшы Марко Рубио медициналық ресурстар мен гуманитарлық көмектің дереу жөнелтетінін айтты. USGS сарапшылары құрбандар санының артуы мүмкін екенін ескертті. Елде төтенше жағдай режимі жарияланған.

Еске салсақ, жер сілкінісі өткен сәрсенбіде жергілікті уақытпен сағат 18:04-те болған. Елде ұлттық мереке болғандықтан, тұрғындардың көбі үйде болған. Екі сілкініс те жер бетіне жақын, 20,3 км және 10 км, тереңдікте тіркелді. Негізгі дүмпуден кейін 30-дан астам афтершок тіркелген. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, бұл 1900 жылдан бергі елдегі ең күшті жер сілкінісі болып отыр.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика