Сурет: ult.kz
Алматы облысында өртенген күйі табылған полиция қызметкерінің өліміне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Марқұмның жұбайы да бұрын полицияда қызмет істеген, бірақ биыл ақпанда жұмыстан кеткен. Жақындарының айтуынша, майор Аслан Әлсеров үйде жиі жанжал шығарып, әйеліне бірнеше рет қол көтерген. Әйелі бірнеше мәрте Бостандық аудандық полиция басқармасына барып, денесіндегі жарақат іздерін көрсеткен, алайда ешқандай шара қолданылмаған.
Тергеу мәліметінше, оқиға болған күні полицей үйіне кеш келген. Ұстара жүзіне байланысты жанжал төбелеске ұласқан. Сол сәтте үйге ерлі-зайыптылардың 15 жастағы екі ұлы мен олардың 14 жастағы досы кіріп, жасөспірімдердің бірі әкесінің басына қатты затпен соққы жасаған.
Одан соң ес-түссіз жатқан ер адамды киіммен байлап, мәйітті түнде көпқабатты үй маңындағы көлікке шығарып, көрпеге орап алып кеткен. Кейін көлік Алматы облысы Кеген ауданындағы ауылдардың бірі арқылы өтіп, Көкпек – Көктал – Кеген тас жолынан тауға қарай жарты шақырым жерге барып, мәйітті өртеген деген болжам бар.
Қазір марқұмның жұбайы, екі ұлы және олардың досы күдікті ретінде қамауға алынған. Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.
