Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 5 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Мемлекет басшысы БАҚ саласындағы бірқатар қызметкерлерді марапаттады

    Қазақстан Президенті 24 маусымдағы өкіммен БАҚ саласындағы сыйлық, грант және алғыс иелерін анықтады. Тізімде 12 атау бар.

    Мемлекет басшысы БАҚ саласындағы бірқатар қызметкерлерді марапаттады

    2026 жылғы 24 маусымдағы №304 өкіммен Қазақстан Президенті БАҚ саласындағы сыйлықтарды, гранттарды және алғыстарды табыстады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Президент сыйлығына төрт медиа өкілі ие болды: «Time kz» бас редакторы Руслан Бахтигареев, «Egemen Qazaqstan» газетінің Ақмола облысындағы меншікті тілшісі Байқал Байәділ, «NewTimes kz» фототілшісі Әлібек Ибраев, «Qazaqstan» телеарнасы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары Қайрат Мұсақұлов.

    Президент грантын алғандар: «Baq kz» аға тілшісі Олжас Адай, «Хабар» агенттігінің редактор-сарапшысы Ботагөз Айтжанова, контентмейкер Жазира Байдалы және «Zakon kz» тілшісі Екатерина Елисеева.

    Президенттің Алғысы «Астана» телеарнасы, «Вечерний Алматы», «Жас Алаш» газеттері мен «Abai kz» ақпараттық порталының шығармашылық ұжымдарына жарияланды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →