Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Асыл Айтакын әлем чемпионатында бесінші орынмен қалды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының жартылай финалына шықты • Санжар Мәди Алматыдағы жедел жәрдем ауруханасының жағдайын сынға алды • Каспийде ҰҚК Шекара қызметі 126 құқық бұзушыны ұстады • Бахрейндегі Азия чемпионатында қазақ фехтованиешілері екі қола медаль алды • Қуат Хамитов Душанбеде жеңіске жетіп, футболға бөлінетін қаржыны сынға алды • Асыл Айтакын әлем чемпионатында бесінші орынмен қалды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының жартылай финалына шықты • Санжар Мәди Алматыдағы жедел жәрдем ауруханасының жағдайын сынға алды • Каспийде ҰҚК Шекара қызметі 126 құқық бұзушыны ұстады • Бахрейндегі Азия чемпионатында қазақ фехтованиешілері екі қола медаль алды • Қуат Хамитов Душанбеде жеңіске жетіп, футболға бөлінетін қаржыны сынға алды •

    Елдос Колобок көпшілікке қуанышты жаңалық айтты (ВИДЕО)

    Елдос Колобок көпшілікке қуанышты жаңалық айтты (ВИДЕО)

    Фото: instagram.com/eldos_kolobok

    Танымал блогер Елдос Колобок жуырда ғана Эко (жасанды ұрықтандыру) әдісімен перзентті болып, әке бақытын сезінген еді. Бүгінде сәбиінің аман-есен өсіп келе жатқанын айтып, ол өзінің қуанышын сөзбен айтып жеткізу мүмкін еместігін білдірді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Бұл туралы журналист, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті.

    «+1 бақытты отбасы (бұйырса)

    Елдос пен Таңшолпанның айтқаны бар еді. Міне, сөздерінде тұрып, @mariyam_fund_kz бір пациентке тегін ЭКО сыйлады. Ол отбасының есімін жақында, маусым айының қамқоршылық кеңесінің отырысында анықтаймыз», деп жазды медиамаман.

    Еске сала кетейік, бұдан бірнеше жыл бұрын блогер тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына: «Егер өзім балалы болсам, перзент иісіне мұқтаж басқа бір отбасының балалы болуына қаржылай көмектесемін», — деп уәде бергенін айтып, бүгін өз сөзінде тұрып, арнайы медициналық мекемеге қажетті қаражатты аударғанын жариялады.

    Осылайша, блогердің қолдауымен жақын арада тағы бір отбасының зарыға күткен сәбилі болу бақытына кенелуіне мүмкіндік туып отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →