Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 451,4↑€ 506,7↑₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Еревандағы COP17 биоалуантүрлілік саммитіне келді • Семейде балконда тұрған газ баллоны тұтанып кеткен • «Кеудесінен ұрғаны несі?»: сабақ өткізбек болған Айгүл Иманбаева сөз естіді (ВИДЕО) • Жөкей көлінен 33 келі балық ауладғандар алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін • Ыстамбұлдағы нөсер жауынның кесірінен ұшақ рейстері жаппай тоқтап жатыр • «Бір перзентінің қызығын көрмеді»: Ырысбала әкесі жайлы айтып жылап қалды (ВИДЕО) • Тоқаев Еревандағы COP17 биоалуантүрлілік саммитіне келді • Семейде балконда тұрған газ баллоны тұтанып кеткен • «Кеудесінен ұрғаны несі?»: сабақ өткізбек болған Айгүл Иманбаева сөз естіді (ВИДЕО) • Жөкей көлінен 33 келі балық ауладғандар алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін • Ыстамбұлдағы нөсер жауынның кесірінен ұшақ рейстері жаппай тоқтап жатыр • «Бір перзентінің қызығын көрмеді»: Ырысбала әкесі жайлы айтып жылап қалды (ВИДЕО) •

    Миллиондаған көрермен Алматыны Travel XP эфирінен көреді

    Миллиондаған көрермен Алматыны Travel XP эфирінен көреді

    Travel XP халықаралық телеарнасы Instagram желісінде Қазақстанға арналған жаңа шығарылымның тизерін жариялады. Бағдарламада Алматы саяхаттың басты бағыты ретінде таңдалған. Жаңа шығарылым 2026 жылдың маусым айының соңында әлемнің 110-нан астам елінде көрсетіледі, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Түсірілім жұмыстары барысында Travel XP шығармашылық тобы Алматыға арнайы келіп, мегаполистің ең танымал туристік орындарын таспаға түсірді. Бағдарламада Көктөбе, Көк базар, Арбат, 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағы, Республика сарайы және шаһардың өзге де көрікті нысандары қамтылған. Түсірілімді ұйымдастыруға Almaty Tourism Bureau қолдау көрсетті.

    Алдағы шығарылым халықаралық аудиторияны Қазақстанның ең ірі қаласының табиғатымен, бай мәдениетімен, гастрономиялық ерекшеліктерімен және заманауи тыныс-тіршілігімен таныстырады.

    Әлемдегі жетекші туристік телеарналардың бірінде Алматы туралы бағдарламаның көрсетілуі қаланың туристік әлеуетін ілгерілетудің тиімді тетігіне айналмақ. Бұл жоба миллиондаған көрерменге Алматының көркем тау табиғаты, қарқынды қала мәдениетін және сан алуан демалыс мүмкіндіктері туралы кеңінен мағлұмат береді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →