Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 451,4↑€ 506,7↑₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы мектептерінде балалардың қауіпсіздігіне арналған практикалық сабақтар өтіп жатыр • Қазақстанда бала күтіміне байланысты жәрдемақы алып отырған 11 мың ауқатты әйел бар болып шықты • Тоқаев Еревандағы COP17 биоалуантүрлілік саммитіне келді • Семейде балконда тұрған газ баллоны тұтанып кеткен • «Кеудесінен ұрғаны несі?»: сабақ өткізбек болған Айгүл Иманбаева сөз естіді (ВИДЕО) • Жөкей көлінен 33 келі балық ауладғандар алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін • Алматы мектептерінде балалардың қауіпсіздігіне арналған практикалық сабақтар өтіп жатыр • Қазақстанда бала күтіміне байланысты жәрдемақы алып отырған 11 мың ауқатты әйел бар болып шықты • Тоқаев Еревандағы COP17 биоалуантүрлілік саммитіне келді • Семейде балконда тұрған газ баллоны тұтанып кеткен • «Кеудесінен ұрғаны несі?»: сабақ өткізбек болған Айгүл Иманбаева сөз естіді (ВИДЕО) • Жөкей көлінен 33 келі балық ауладғандар алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін •

    Алматылық семсерлесушілер Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

    Алматылық семсерлесушілер Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

    Үндістанның Нью-Дели қаласында семсерлесуден Азия чемпионаты жалғасуда. Аталған жарыста Қазақстанның ерлер құрамасы командалық сайыста қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпараттық порталы.

    Ұлттық құраманың сәтті өнер көрсетуіне алматылық спортшылар Жанат Нәбиев пен Нұрмұхаммед Жайлыбай зор үлес қосты. Олар Қазақстан құрамасы сапында Артем Саркисян және Назарбай Саттарханмен бірге сынға түсті.

    Жарыс кезінде қазақстандықтар Иран құрамасын 45:33, Өзбекстан құрамасын 45:43 есебімен жеңіп, құрлық біріншілігінің жартылай финалына шықты. Финал жолдамасы үшін өткен кездесуде олар турнир фавориттерінің бірі Оңтүстік Корея құрамасына 34:45 есебімен жол берді.

    Үшінші орын үшін өткен тартысты бәсекеде қазақстандық спортшылар жоғары шеберлік пен табандылық танытып, Қытай құрамасын 45:44 есебімен ұтты. Осылайша олар Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді.

    Семсерлесуден Азия чемпионаты 24 маусымда аяқталады.

    Фото: Алматы қаласының әкімдігі

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →