Басты бет » Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды

Қытайдың Шаосин қаласында өткен эстафеталық жүгіруден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екі медальмен қорытындылады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Жарыстың алғашқы күнінде 4×400 метрлік аралас эстафетада Эльнор Мухитдинов, Мария Шувалова, Андрей Соколов және Аделина Земс чемпион атанып, 3:16.75 нәтижесімен Қазақстан рекордын жаңартты.

Әйелдер арасындағы 4×400 метрлік эстафетада Анна Шумило, Мария Шувалова, Аделина Земс және Александра Залюбовская мәреге төртінші болып жетті. Алайда Шри-Ланка құрамасы жарыс ережесін бұзғаны үшін жарыс қорытындысынан шеттетілді. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы үшінші орынға көтеріліп, қола медаль иеленді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика