Басты бет » 75 жастағы қарияның 95 жастағы анасына деген қамқорлығы желі жұртшылығын жылатты

75 жастағы қарияның 95 жастағы анасына деген қамқорлығы желі жұртшылығын жылатты

75 жастағы қарияның 95 жастағы анасына деген қамқорлығы желі жұртшылығын жылатты

Сурет: sn.kz

Әлеуметтік желіде 75 жастағы ер адамның 95 жастағы анасына деген қамқорлығы бейнеленген видео көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Бейнежазбада 95 жастағы кейуана үйінде төсек тартып жатқанын көруге болады. Оның 75 жастағы ұлы анасынан бір елі ажырамай, хал-жағдайын қайта-қайта тексеріп, жанынан шықпай қамқорлық көрсетіп жүреді.

Желі қолданушыларын ер адамның анасына деген шексіз мейірімі мен алаңдаушылығы ерекше әсерлендірген. Көпшілік мұндай ықылас пен құрметтің нағыз перзенттік парыздың үлгісі екенін айтып жатыр. Пікір қалдырушылардың басым бөлігі видеоны көріп, көздеріне жас алғандарын жасырмаған.

Олар «Анаға деген махаббаттың жасы болмайды», «Қанша жасқа келсек те, ата-анамыз үшін әрдайым баламыз», «Осындай қамқор ұл әр анаға бұйырсын» деген жылы лебіздерін жазған.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика