Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    «Өнер көрсетпейді»: Төреғали Төреәліге сахнаға шығуға тыйым салынды

    «Өнер көрсетпейді»: Төреғали Төреәліге сахнаға шығуға тыйым салынды

    Белгілі продюсер Жан Мұқанов әнші Төреғали Төреәлінің концерттік және гастрольдік қызметі уақытша толық тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабаралйды Qazaqtoday.info ақпарат порталы kursiv.kz-ке сілтеме жасап.

    Оның айтуынша, арнайы шешім шыққанға дейін өнер иесі сахнаға шығып, концерттер мен жеке іс-шараларға қатыспайды.

    Продюсердің мәліметінше, мұндай шешім қабылдауға әншінің Павлодар қаласындағы ипподромның ресми ашылуына қатыспай, өзіне жүктелген міндеттемелерді орындамауы себеп болған.

    Осы оқиғадан кейін продюсерлік орталық Алматы қаласы күніне орай жоспарланған концерттерді, сондай-ақ күзде өтуі тиіс халықаралық гастрольдік турды қоса алғанда, барлық іс-шаралардың күшін жойған.

    Жан Мұқанов ресми мәлімдемесінде:

    «Бүгіннен бастап әртіс Төреғали Төреәлі концерттік және гастрольдік қызметін тоқтатады. Арнайы өкім шыққанға дейін ол концерттерде, жеке іс-шараларда және өзге де алаңдарда өнер көрсетпейді», – деп хабарлады.

    Сонымен қатар продюсер Павлодар облысы мен қаласының әкімдігіне, Мәдениет басқармасына, ұйымдастырушыларға және көрермендерге туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, қазіргі уақытта келтірілген шығындарды өтеу мәселесі бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

    Мәлімдемеде авторлық құқық мәселесіне де тоқталды. Келісімшарт талаптарына сәйкес, «Төреғали Төреәлі» брендін пайдалану құқығы әзірге продюсерлік орталықтың бақылауында қалады. Барлық міндеттемелер толық орындалмайынша, бұл құқықтарды әншіге қайтару мәселесі қаралмайтыны атап өтілді.

    Сөз соңында Жан Мұқанов соңғы бір жылда ауқымды жұмыс атқарылғанын айтып, қалыптасқан жағдайға өкініш білдірді. Ол Төреғали Төреәліге бұл кезеңнен сүрінбей өтіп, денсаулық пен күш-жігер тілейтінін жеткізді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →